Қазыбек - қандай марапатқа да лайықты тұлға

Dalanews 27 июл. 2024 16:57 2889

Қолымызға Қазыбектің сыры  терең «Сыртолғауы» тиді. Аламанға қосып жатқан ақынның желтабаны, жүйрігі екен. Жыр әлемі екен. Сол әлемді бір аралап шыққан да, бір нәрсеніұқтық.

Ақын әлемінің соншалықты жанға жақындығын ұқтық. Біз тіпті бұл ғұмырды бір ауылда кешкендейміз. Бала Қазыбектің табаны Қызылқұмға күйіп жүріп есейсе, біздің де табанымыз Қарақұмға күйіп жүріп есейіп едік.Бала Қазыбекке өмір нәрін Сырдың суы
сыйласа, бізге де өмір нәрін Әмудария сыйлап еді. Бала Қазыбек көзін қозы-лақтың шуымен тырнап ашса, біз де көзімізді қойлы ауылда тырнап ашып едік.

Айналып келгенде ол да, біз де Ұлы Даланың иен құшағында өскен ұлдар екенбіз. Оның да, біздің де бойымызға ана сүтімен сіңген асылымыз ана тіліміз болыпты. Осылардан келіп, Қазыбектің өзіне де, өлеңіне де бауыр
басып кеттік. Өмір мен өнерде ес білгелі бір атаныңбаласындай болып кеттік. Өзімізде де, сөзімізде деалшақтық жоқ.

Тұтқындалған пендені тұманда да,
Құтқаратын Құдай мен Құран ғана.
Ақиқатты іздеген барлық адам,
Ақыр түбі бас иер бір Аллаға.деп, олжырлағанындай сәждеге де бірге бас иіппіз.

Сұлулық Жер бетіндегі Алланың нұры болса сол нұрға «мәнгілік шөлдеп өтем» деп ақын, осы кітаптағы бір үлкен тарауын нәзік жандыларға арнайды. Сұлуларға да біз бейне бір көзбен қарайды екен.

Тіптен, екеуміз «Ақ жол» партиясынан кезінде депутаттыққа да бірге түстік. Ол кейін Мәжілісдепутаты болды да, біз өмір депутаты болып кеттік. Қайда жүрсек те, илегеніміз бір терінің пұшпағы, ұлт құндылығы болды. Бірақ, Қазыбектің бәрібірбізден өткен бөлек қасиеті болды. Ол қасиет оғаната-анасы азан шақырып, қазақтың ұлы биінің атынқоюдан басталыпты. Содан Қазыбек бидің аруағыҚазыбек баланы желеп-жебеумен болыпты. Сол аруақ алдымен Қазыбектің  құлағына қазақтыңкиелі де, құнарлы сөзін құя беріпті.

Сол сөз киесі бала Қазыбек ес жиып, етек жапқаннан бастап өлең сөз боп ауызынан ағытыла бастаса керек. Ұлы би аруағы ақыры оны алашсөзін айтар шаршы топқа алқалап алып келсе керек. Алып келіп қана қоймай, «аталы сөз айтдепбатасын берсе керек. Қазыбек айта бастады. Аруаққолдап, аталы сөз айта бастады. Айтқандарыжатталып, қанатты сөзге айнала бастады Мысалы; тіліміздің мүшкіл халі туралы: «Ана тілімізесіктен сығалап тұрғанда, біз қалай шалқайыптөрде отырамыз?!» дегені ел аузында жатталыпқалды.

Айтарымыз, бүгінде Қазыбек Исаны халқына қадірлі еткен қасиет оның қарымды қаламгерлігіне қосылған, осынау қайтпас, қайсар, азаматтық, қайраткерлігі болды. Азаматтық қайраткерлік кез-келген ақынға бұйырмаған. Бұл бүгінгі таңда әділетті Қазақстан құруда қоғамға пайдасы мен шарапаты алабөтен қасиет.  

        Қазыбек - қандай марапатқа да лайықты тұлға дер едік.


Смағұл ЕЛУБАЙ,

ҚР Халық жазушысы


Рекомендовать
Последние новости