Газ саласының жаңа рекорды

Dalanews 14 авг. 2018 09:10 931

«ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы пайдасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 88 пайызға өсті.

Өз қызметінің қорытындысын шығарған Ұлттық оператор осындай мәліметтерді жария етті. Мәліметтерге қарағанда, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының өткен 7 айдағы шоғырландырылған таза пайдасы 83,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштен 39 млрд теңгеге немесе 88% жоғары. Бұған қоса еліміздегі ең ірі салық төлеушілердің бірі мемлекеттік бюджетке 38 млрд. теңге көлемінде салық төлемдері мен өзге аударымдар жасады.

Газды өткізу көлемі де айтарлықтай өсті. Есептік кезеңдегі сатылған газ көлемі 13.7 млрд. текше метрді құрады. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4 млрд. текше метрге немесе 41% көп. Экспортқа шығарылған газ көлемі 2,9 млрд текше метрге артқан.  Оның ішіне Қытайға экспортталған 3,1 млрд текше метр газ да кіреді.

Ұлттық оператор хабарлағандай, шоғырландырылған таза пайда құрамындағы магистральдық тасымалдау үлесі 40%, экспорттық операциялар 46%, өзге қызмет түрлерінен түскен табыс 14% құрады.

Айта кету керек, соңғы бірнеше жылда Қазақстанның газ тасымалдау жүйесі айтарлықтай жаңартылып, нәтижесінде саланың тиімділігі мен табысы әлдеқайда артты.

Айта кетерлігі, ҚазТрансГаз ішкі нарыққа жеткізілетін газ бағасын дотациялау арқылы қолжетімді деңгейде ұстап отыр. Осының арқасында тұтынушылар газды өзіндік құнынан төмен бағаға сатып алады. Бұл өз кезегінде көгілдір отынды ішкі нарықта сатуда үлкен шығын әкеліп отыр дейді компания өкілдері. Ұлттық оператор бағадағы осы айырмашылықты өзінің табысынан жауып, тек бірінші жартыжылдықта ғана 27 млрд. теңгені дотацияға бағыттапты.

Рекомендовать
Последние новости