Түркістан қаласының индустриалды аймағы 300 гектарға ұлғайды

Dalanews 31 июл. 2018 09:02 1103

Облыс орталығы болған Түркістан қаласында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және туризмді дамытуға баса мән берілмек. Әсіресе, өнеркәсіп жетекші салаға айналуы тиіс. Себебі, жаңа өндіріс орындары ашылса ғана жұмыссыздық азаймақ.

Бүгінде Түркістандағы индустриалды аймақта түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айында индустриалды аймақтағы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 343,3 млн. теңгені құраған.  Ағымдағы жылдың 3 айында өнеркәсіп өнім көлемі 4 331,2 млн теңге болып отыр. Мәселен, индустриалды аймақта орналасқан жиһаз фабрикасында күн сайын ас бөлмеге және жатын бөлмеге қажетті 100 гарнитур шығарылады. Ал, жылына 30-35 мың гарнитур шығаруға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта мұндай кәсіпорындар саны көбейеді.



Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтың айтуынша, шаһарда өндірісті дамыту бағытында жоспар түзіліп, ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Облыс орталығындағы индустриалды аймақ аумағы 300 гектарға ұлғайып, онда заман талабына сай зауыттар мен фабрикалар салынады деп күтілуде. Қазіргі таңда шетелден инвестор тарту жұмыстары жүйеленіп жатыр.



Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости