Ғажайып қойма

Dalanews 26 февр. 2023 06:40 1132

(Молдаван ертегісі)

Eртеде бір кісі болыпты. Оның үш ұлы бар екен. Kici ешқашан қол кусырып, жай отыра алмайтын еңбекқұмар жан екен. Елең-алаңнан қас қарайғанша бір тыным көрмесе де, шаршау дегенді білмепті.

Ал балалары шетінен көрікті,қайратты, бірақ жұмыс десе, азар да безер болатын кержалқау екен.

Әкелері біресе – егіске, біресе – бауға, біресе – үйге жүгіріпті. Балалары болса, ағаштың саясында әңгіме-дүкен құрып отырудан жалықпапты. Асса, Днестрге барып балық аулапты.

Кершілері:

– Сендер неге жұмыс істемейсіндер осы? Әкелеріне неге көмектеспейсіндер? – деп сұраса:

– Жұмыс істеп керегі не? Қамымызды жейтін әкеміз бар, – деп жауап беріпті. Сөйтіп, жылдар өте беріпті.

Балалар ер жетіпті, әкелері қартайып, бойынан әл-қуаты қайтып, бұрынғыдай жұмыс істеуден қалыпты. Үй іргесіндегі бауы қурап, егістігін арам шеп басып жататын болыпты.

Мұны көріп отырса да, балаларының жұмыс істегісі келмепті.

– Қарақтарым-ау, шеп басын сындырмай, қарап отырғандарың қалай? Әл-қуатым барында сендерді қинамай, өзім істедім. Енді сендердің істейтін кездерін келді.

– Жұмыс қайда қашар дейсіз? Істеп үлгереміз ғой, – депті балалары.

Балаларының осыншама жалқау болғаны жанына батып, шал байғұс төсек тартып жатып қалыпты.

Отбасы ішерге тамағы, киерге киімі болмай, жадап-жүдей бастапты.

Бір күні шал балаларын жанына шақырып алып:

– Ал, қарақтарым, менін о дүниеге аттанар кезім келді. Жұмысты ұнатпайсыңдар. Қолдарыңнан ештеңе келмейді. Менсіз қайтіп күн көрер екенсіндер? – депті аяушылық танытып.

Балалар жан-жақтан әкесін құшақтап жылай бастайды.

– Әкетай-ай, тым болмаса ақтық ақылыңды, өнеге, өсиетіңді айтып кетші бізге? – депті үлкен ұлы еңіреп.

– Жарайды. Сендерге бір құпия сырдың бетін ашайын, – депті әкелері. – Біз, шешелерің марқұм екеуміз, өмірімізді ертеңнен қара кешке дейін тыным таппай өткізгенімізді сендер білесіңдер. Сендер үшін ұзақ жыл бойы бір құмыра алтын жинап едік. Сол құмыраны үйдің қасына бір жерге көміп едім. Дәл қай жерге көмгенімді ұмытып қалыппын. Соны тауып алсандар, ештеңеден тарықпай күн кешер едіндер, – депті шал.

Ол балаларымен қоштасып, жан тәсілім етіпті.

Балалары шалды жерлеп келіп, қайғырып отырыпты. Бір кезде ең үлкені тұрып:

– Міне, бауырлар, үлкен қасіретке ұшырадық. Бір үзім нанға зар болып отырмыз. Әкеміздің өлер алдында айтқаны естеріңде ме? Келіңдер, алтын толы құмыраны іздейік, – депті.

Ағайындылар қолдарына кетпен, күрек алып, дәл үйдің іргесін айналдыра қаза бастапты.

Бірақ қанша қазса да, алтын толы құмыра табыла қоймапты. Сонда ортаншысы тұрып:

– Уа, бауырлар. Біз мына қазыспен әкеміздің қоймасын ешқашан таба алмаймыз. Одан да үйдің төңірегіндегі жерді түгел қазайық, – депті.

Сөйтіп, үйдің төңірегін біраз жерге дейін ұзата қазып шығыпты. Алтын толы құмыра сонда да табыла қоймапты.

– Шіркін! Жерді тереңірек етіп қайта қазып шықсақ қой! Сонда табылып қалар бәлкім, – депті енді кенже ұл тұрып.

Бауырластар бұл ұсынысты да құп көріп, жұмысқа қайта кірісіпті.

Бір кезде үлкен ұлдың күрегі қатты бір затқа тиіпті. Жүрeri аттай тулап:

– Тез бері келіндер. Әкеміздің қоймасын таптым! – депті інілеріне айғай салып.

Ортаншы ұл мен кенже ұл жүгіріп келіп, жерді үш жақтан қаза бастапты.

Қаза-қаза жерден алтын толы құмыра емес, үлкен ауыр тас алып шығыпты.

Содан соң салдары суға кетіп:

– Бұл тасты не істесек екен?

Бұл жерде қалдыруға болмайды гой. Неде болса, алысырак, сайға апарып тастайық! – десіпті.

Сөйтіп, тасты сайға апарып тастап келген соң, жерді қайта қаза бастапты. Тамақты ішуді де, демалуды да ұмытып, бүкіл жерді тереңдетіп тағы бір аударып шығыпты. Топырақ, тау болып үйіліп қалыпты. Бірақ алтын толы құмыра бәрібір табыла қоймапты.

– Ал, бауырлар, жерді тағы да түгел қопарып шықтық. Енді бұл жер бос жата ма? Жүзім егіп тастасақ қайтеді? – депті үлкен ұл.

– Pac-ay, – деп қостапты інілері.

– Ең болмаса, еңбегіміз еш кетпесін. Сөйтіп, олар жүзім шыбықтарын отырғызып, күте бастапты. Көп кешікпей, жүзімдері бой көтеріп, жайқалып өсіпті. Самсатып дәмі бал татыған жүзімдер салыпты.

Ағайынды үшеуі күзде мол өнім жинапты. Керектісін алып қалып, артығын базарға апарып сатқан екен, ат көпір ақша болыпты. Сонда үлкен ұл тұрып:

Жерімізді тектен-тек аудармаған екенбіз. Әкеміз өлер алдында айтып кеткен қойма осы болды ғой депті.

 

Рекомендовать
Последние новости