Қазақ жерімен жүк таситын ресейлік компанияларға тықыр таянды

Dalanews 03 февр. 2023 02:54 1138

Қазақстан билігі елімізге келіп тіркеліп жүк тасымалымен айналысатын шетеледіктер мен ресейліктерге қатысты жұмыс ережесін 20 ақпаннан бастап қатаңдатуды көздеп отыр.

Бүгінде көптеген жүк тасымалдаушылар Қазақстан аумағына тіркеліп, санкция ережелерін бұзып, Еуропа мен одан тысқары жерлерден жүк тасмалдап жатқаны жасырын емес.

Еліміздің Көлікпен жүк тасымалдаушылар және экспедиторлар одағының басқарма төрайымы Әсел Садықова Батыс елдерінің Ресейге салынған санкциядан кейін Қазақстан аумағына тіркеліп, жүк тасымалдай бастағандарға қарсы ерже күшейтілетінін алға тартты.

Одақ басшысының айтуынша, Ресейдің Укрианаға қарсы соғыс ашып, санкцияға ұшырағаннан кейін Ресей мен Беллорустің 5 мыңнан астам жүк тасымалдаушысы Қазақстан нарығына тіркеліп, қазақстандық квотаны пайдаланып Еуропадан және кері қарай жүк тасымалдай бастаған.

Нәтижесінде елмізде халықаралық жүк тасмалдаушылар 2,3 есе артып, еліміздегі фуралардың саны 16 мыңға көбейген.


Еліміздің жүк тасымалы нарығына емін-еркін кірген орыс пен белорус фуралары Қазақстандағы жүк тасымалының 70%-ын иемнедіп, отандық жүк тасымалдаушыларды жұмыссыз қалдырған.

Осыдан кейін отандық жүк тасымалдаушылар дабыл қағып, бұған шектеу қоюды талап ете бастапты.

Осы мәселегі Үкімет назар аударып, Ресей мен Белорус жүк тасымалдаушыларының Қазақстан нарығында жүк тасымалдауына шектеу қоятын шараларды қабылдауды көздеп отыр.

Рекомендовать
Последние новости