Франция тағы да теракт болды

Dalanews 15 июл. 2016 04:30 870

Бейсенбі күні Ниццеде кешкісін Францияның ұлттық мерекесі — Бастилияны алған күнді атап өту кезінде, салютті бақылап тұрған бір топ адамдар арасына жүк көлігі соғылып, кемінде 73 адам қаза тапты. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.

Белгісіз көлік Ағылшын жағалауында жиналған халыққа қарай соқтығысқан. Көлік адамдар арасымен жүз метрдей жүріп өткен. Осыдан кейін террористер адамдарға оқ жаудырған.

Франсуз ақпарат құралдары «көліктегі адамдар мен полиция арасында атыс болды» деп хабарлайды. Полиция адамдарға бұл күндері көшеге шықпауын сұрайды. Өйткені, теракт тағы қайталануы мүмкін.

Францияда мереке күні қарсаңында қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Қауіпсіздік қызметтің 11 500 әскері Париждегі дәстүрлі әскери парадқа қатысты.

Куәгерлердің бірі айтқандай, лаңкес барынша көп адамды көлігімен басуға әрекеттеніпті.

Айта кетейік, Франция астанасы Парижде осыдан 8 ай бұрын да ірі лаңкестік оқиғалар орын алған болатын. Ол кезде 130 адам қаза тауып, 352-сі жараланған еді.

 

Дереккөзі: baq.kz

Рекомендовать
Последние новости