Француз компаниясының Шуда салған сервистік орталығы 2025 жылы пайдалануға беріледі

Кәмшат Тілеухан 01 нояб. 2024 10:33 1357

Alstom француз компаниясы елімізде электровозға техникалық қызмет көрсететін төрт орталықтың құрылысын бастады. Жобаның жалпы сомасы 50 млн евроны құрайды, Шу қаласында алғашқы сервистік орталықтың ашылуы 2025 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Dalanews.

Alstom – еліміздің теміржол индустриясының негізгі инвесторы.

"10 жыл ішінде компания құрылысқа, технологиялар трансферті мен қазақстандық мамандарды оқытуға шамамен 120 млн евро инвестиция салды. 1 мыңнан астам адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Астанада 7 өндірістік база ашылды, оның ішінде жолаушылар және ауыр жүк электровоздарын өндіретін "Электровоз құрастыру зауыты" бар. Француз компаниясы 450-ден астам жаңа жұмыс орындарын аша отырып, электровозға техникалық қызмет көрсететін төрт орталықтың құрылысын бастады. Жобаның жалпы сомасы 50 млн евроны құрайды, Шу қаласында алғашқы сервистік орталықтың ашылуы 2025 жылға жоспарланған. Зауыт Қазақстан мен ТМД нарығын бағындырып, өз орнын сәтімен иеленді. Шығыстан батысқа контейнерлік тасымалдың артуына байланысты шығарылатын өнімге сұраныс артты. Бүгінгі таңда өндіріс көлемі бойынша кәсіпорын Қазақстанда теміржол машинасын жасау секторында шамамен 30%-ды алады", делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың Жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында ірі халықаралық компаниялардың басшылары – теміржол машинасын жасау саласының әлемдік көшбасшыларымен кездесуі кезінде мәлім болды. 


Рекомендовать
Последние новости