Боранбаевқа тиесілі болған компанияны "Самұрық-Қазына" қоры сатып алды

Кәмшат Тілеухан 01 нояб. 2024 09:17 1351

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры бұрын Қайрат Боранбаевқа тиесілі "АзияГаз Шонжы" ЖШС газ тарату компаниясының иегері атанды. Бұл туралы ақпарат KASE-де пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сонымен бұл мәміле 2024 жылдың 30 қыркүйегінде жасалғаны белгілі болды.Бірақ ақпараттың өзі 30 қазанда жарияланып отыр.

2024 жылдың тамызында "АзияГаз Шонжының" меншіктік құқығы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ға өткен соң QazaqGaz жария акцияларының санын 1 мыңға ұлғайту және 9,2 млрд теңге сомасындағын қор биржасына орналастыру жоспарланғаны хабарланған. Сол кезде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ Боранбаевқа тиесілі болған газ тарату компаниясын ары қарай QazaqGaz құрамына алатыны айтылған болатын. 

2024 жылдың қыркүйегінде "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесі біреуінің құны  92 млн 941 мың 670 теңге болатын 100 жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдады. Оларды "АзияГаз Шонжының" сомасы 9,2 млрд теңге болатын жарғылық капиталына 100% қатысу  үлесі тұрғысында "төлем шотына" аударып беру жоспарланған еді.

"АзияГаз Шонжы" компаниясы 2014 жылы құрылған, тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысады. Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі оның құнын 14 млрд теңгеге бағалаған.

2023 жылы Қайрат Боранбаев аса ірі мөлшерде мемлекет қаражатын ұрлады және қылмыстық кірістерді заңдастырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректері бойынша, 2019 жылы ол өз иелігіндегі "АзияГаз Шонжы" ЖШС арқылы газ жеткізу кезінде QazaqGaz ұлттық компаниясының қаражатын жымқырды, кейіннен ұрланған 14,5 млрд теңге мөлшеріндегі қаражат заңды кәсіпкерлік қызметтен алынған құсап дивидендтерді бөлу және төлеу түрінде заңдастырылған. "Тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді...", делінген ҚМА хабарламасында. Агенттік заңсыз кірістер есебінен сатып алынған шетелдік активтерді белгілеу және бұғаттау жұмыстарын жүргізіп жатқаны да айтылды.

Сот Қайрат Боранбаевты алты жылға соттады. 2023 жылдың қарашасында кәсіпкердің бостандыққа шыққаны белгілі болды: жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріне ауыстырылды.

Айта кетсек, Қайрат Боранбаев мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақүйлерді және сауда-ойын-сауық кешендері, фитнес-орталықтар желісі, кеңсе бөлмелері және басқа да активтерін өз еркімен мемлекетке қайтарды. Атап айтқанда, бұл "АзияГаз Шонжы" ЖШС, Comfort Hotel Astana, FitNation фитнес-клубтар желісі, "ҚазТурбоРемонт" зауыты, "Алмалы"сауда-ойын-сауық кешені. Сонымен қатар, ол Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Ал мемлекетке өткен активтер ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру комитеті қорында сақталады.


Рекомендовать
Последние новости