Прокуратура жүк көлігінің жүргізушілерін не үшін жазалаған?

Көркем Алдабергенова 30 окт. 2024 11:06 1227

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы прокуратурасының бастамасымен ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайлы Dalanews.kz. 

Ақтоғай ауданының прокуратурасы тұрғындардың шамадан тыс жүк тиелген ауыр көліктердің облыстық маңызы бар трассамен жүруіне шағымдарын ерекше бақылауға алды, себебі көліктің шамадан тыс жүктемесі облыс орталығына апаратын  жолдың бұзылуына әкелуде.

Жолдардың бұзылуының негізгі факторларының бірі ауыр көліктердің тасымалдауға рұқсат етілген салмақты арттыруы болып табылады.

Автокөліктің жалпы салмағы жүкпен бірге келесі мәндерден аспауы керек: үш осьті (М3 санатындағы топсалы автобустарды қоспағанда) – 25 тонна; төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осімен – 32 тонна; бес осьті – 38 тонна; алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.

Аудан прокуратурасының бастамасымен полиция қызметкерлері шамадан тыс жүктиеген ауыр көліктерді анықтап, ұстады. «Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» басқармасының мамандары оларға қатысты әкімшілік материалдар ресімдеді.

Нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларәкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір ай ішінде жалпы сомасы 2 900 000 теңгеденасатын 5 әкімшілік хаттама ресімделіп, айыппұлдар төленді.

Қабылданған шаралар жолдардың мерзімінен бұрын бұзылуы мен тозуын болдырмауға ықпал етеді.

Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерін ережелерді қатаң сақтауға және белгіленген салмақ параметрлерінен аспауға шақырамыз.

Рұқсат етілген нормаларды бұзу әкімшілік жауаптылыққа соқтырады. 


Рекомендовать
Последние новости