Еурокомиссия Ресейге қарсы санкциялардың жаңа 19-пакетін мақұлдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шешім қабылданғанын брифингте Еурокомиссияның баспасөз хатшысы Паула Пиньо жария еткен.
Жақын уақытта Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас ресми мәлімдеме жасап, егжей-тегжейін жариялайды деп күтіліп отыр.
Комиссия шешімінен кейін санкциялар пакетін ЕО кеңесі мақұлдауға тиіс. Сол кезде ғана Еуропаның шешімі түпкілікті күшіне енеді.