Еуразиялық одақ: білім беру саласын біріктіру мүмкін бе?

Dalanews 21 нояб. 2015 10:46 964

  «Еуразия әлемі» пікір сайыс клубында бас қосқан саясаттанушылар, сарапшылар, журналистер бұл жолы одақ аясындағы елдердің білім сапасын назарға алды. Оның ішінде одақ аясындағы елдердің білім саласын интеграциялау мәселесі сөз болып, мамандар бұл тараптағы өз көзқарастарын ортаға салды.

Еуразиялық экономикалық одақ ортақ нарық құру жолында белсенді әрекет етіп жатыр. Бұл етене әріптесудің ең тиімді жол. Бірақ, гуманитарлық әріптестікке келгенде талқылауға тиісті міндеттер мен мәселелер әлі де көп. Соның бірі білім стандарты. Әзіргі күні Еуразиялық ректорлар одағын құру туралы ұсыныстар айтылып жатыр, – деді өз сөзінде «Еуразия әлемі» ҚҚ төрағасы, саясаттанушы: Эдуард Полетаев, «Еуразия әлемі» ҚҚ төрағасы, саясаттанушы:

Ал Zonakz.net интернет газетінің саяси шолушысы Владислав Юрицынның айтуынша Қазақстандағы білім беру саласының сапасын жақсарту өте ауыр, ал Еуразиялық одаққа мүше елдердің арасында дәл осы білім саласында өзара әріптестік орнату одан да қиын. «Неге десеңіздер, білім саласын өте ауыр интеграцияланады. Тіпті, атақты Болон процесінің өзіне Еуропадағы бірнеше белді жоғары оқу орны қол қоймай қойған. Себебі, оның нәтиже береріне күмәнмен қараған» деді Юрицын.

Бұл тарапта пікір білдірген «Алмагест» консалтингілік компаниясының бас директоры Айдархан Құсайынов өз сөзінде: «Еуразиялық одақ аясында елдердің білім саласын интеграцияламау тұрып алдымен бұл қадамның қаншалықты нәтиже береріне назар аударғанымыз дұрыс» деді.

Өз кезегінде «Литер» қоғамдық саяси газетінің саяси шолушысы Олег Сидоров: Дәл қазір біз ортақ еуразиялық диплом туралы айтып отырмыз. Бірақ, мұның мәнісі бар ма? Посткеңестік елдердегі коррупцияның әлі де жоғалмағанын ескерсек, оның қадірі қаншалықты болады?

Отырысты түйіндеген Президентің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Леся Каратаева: «Жалпы одақ аясындағы білімді ортақтастыру идеясы дұрыс па? Дәл қазіргі кезеңде бұл қисынсыз. Бұл арада біздің білім жүйеміздегі ерекшеліктерді назарға алу керек. Жақын арада Қазақстан үш тілді білім беру стандартына көшеді және біздің балаларға жүктелер мақсат пен міндет те бөлек болмақ» деді.

Рекомендовать
Последние новости