Есірткі зертханасын басқарған екі тұрғын 10 жылға сотталды

Көркем Алдабергенова 29 окт. 2024 15:53 1365

Жетісу облысында есірткі зертханасын құрғаны үшін екі азамат сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК Департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті.

Атап айқанда, П және Т. атты екі азамат қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған.


Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 кг психотроптық заттар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді (есірткізаттарды орау үшін электронды таразылар, пакеттер, фольга, изолента және т.б.).

Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости