Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жазасын босатылуына алты ай қалғанда қолданатын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға химиялық кастрацияны жазасын өтеу мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда жүргізу көзделіп отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында жазылған.
«Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған және бас бостандығынан айырылған адамдарға химиялық кастрация босатылуға алты ай қалғанда қолданылады. Осыған байланысты, мекеме әкімшілігі жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей сотқа материалдарды жолдайды. Бұл материалдар соттық-психиатриялық сараптама тағайындау және сотталушыда психикалық ауытқулар мен жыныстық зорлыққа бейімділіктің бар-жоғын анықтау мақсатында жіберіледі. Осы тармақтың ережелері сот шешімімен мәжбүрлі медициналық шара қолданылған және есі дұрыс деп танылған психикалық ауытқуы бар сотталғандарға таралмайды», - делінген министрлік бұйрығында.
Аталған бұйрық 1 қазанда қабылданып, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.