Енді әрбір сыныпта Wi-Fi болады

Dalanews 28 февр. 2017 08:22 811

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi-Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Еліміздің мектептеріндегі интернетті орталықтандыру керек. Сондай-ақ барлық сыныпқа Wi-Fi қондыру қажет. Бұл өте маңызды. Мұндай аппарат орнату аса қымбат емес. Қазіргі кезде 7 000 мектепте интернет орнатылған. Соның ішінде жылдамдығы 4 Мб/с асатын интернет тек 2000 мектепте ғана бар», - деді Ерлан Сағадиев.

Министр сондай-ақ балаларға арналған жаңа деңгейлі цифрлық білім ресурстарын дамыту қажеттігі туралы айтып өтті.

«ЦБР – бейне және интернактивті сабақтар. Еліміздегі мыңнан астам мектеп, олардың ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері «BilimMediaGroup» компаниясы ұсынған ресурстарды 2014 жылдан бастап қолданып келеді. Биылғы жылы 11 мыңнан астам «үштік» - компьютер, процессор және экраннан тұратын жинақтар алынбақ. Ең алдымен ауыл мектептері және интернетке қосылу мүмкіндіктері жоқ білім ошақтары жабдықталады», - деп түсіндірді ол.

Рекомендовать
Последние новости