Еңбекшіқазақ ауданында 60 отбасы баспаналы болды

Dalanews 31 авг. 2020 10:22 879

Ата заңымыздың 25 жылдығы қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлады деп хабарлайды Dalanews.kz.




Есік қаласының 4-шағын ауданында орналасқан көп қабатты үйдің кілттерін аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев табыс етті.

Ауданның тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың бүгінгі күні 24-іне пәтер кілттері табысталған болса, қалған 36-сы жақын арада комиссия шешімімен тапсырылатын болады.


Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасылар және жетім балалар бар.

Баспана құрылысына мемлекеттік бюджеттен 709 миллион теңге бөлінді.



Көп қабатты үйдің маңында 3 мектеп, аудандық аурухана, полиция бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) және басқа да мемлекеттік мекемелер жақын орналасқан.

«Ауданда көп балалы отбасылар санатынан, жетім балалардан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, халықтың әлеуметтік осал топтарынан, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтардан, мемлекеттік қызметкерлерден, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен тұрғын үй кезегінде жалпы саны 2581 адам кезекте тұр. Бүгінгі таңда 30 көпқабатты екі тұрғын үй салынуда, алдағы жылдары 180 отбасыға арналған 3 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда»- деді аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев.

Рекомендовать
Последние новости