Ең жас депутат Мөлдір есімді қызылордалық қызға үйленді

Dalanews 29 окт. 2017 15:16 899

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских отау құрып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Парламенттегі ең жас депутат Геннадийдің таңдаған жарының есімі - Мөлдір. Екі жастың тойы Қызылорда қаласындағы «Орда» мейрамханасында өткен.

Геннадийді ата-анасы мен отбасындағылар Алтынбек деп атайды. Ол қазақ тілінде еш мүдірмей сөйлейді. Өзінің айтуынша, тіпті қазақша ойлайтын көрінеді. Бұл жолы ата-анасы Мұрат пен Баян Геннадийге қалыңдықты қазақы дәстүрмен құда түсіп, әперіпті.

 

 

https://dalanews.kz/30953

Рекомендовать
Последние новости