Елшілік пен СІМ Таяу шығыстағы жағдайға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады

Көркем Алдабергенова 02 окт. 2024 15:56 1876

Елшілік пен СІМ Таяу шығыстағы жағдайға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды.

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:

Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)

+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Қазақстанның Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы елшіліктері осы елдердің уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. 

"Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының зардап шеккен немесе қаза тапқаны туралы ақпарат түспеді. Күрделі әскери, саяси жағдайға байланысты және Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында СІМ Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы референдумды учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады", - дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, 2 қазанға қараған түні Иран Израильді ракетамен атқылады. Бұл туралы Израиль әскері мәлімдеді. 

Бүкіл Израиль аумағында дабыл қағылып, тұрғындарға қауіпсіз жерге тығылуға бұйрық берілді.

Израиль әскері Иран 400 ракета жіберді деп отыр.

Ал Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының арнайы жасағы бұл шабуылды ХАМАС лидері Исмаил Ханияның, "Хезболла" лидері Хасан Насыралланың және Иран жасағының командирі Аббас Нилфрушаның өліміне жауап екенін мәлімдеді.

Израиль телеарнасының 12 арнасының хабарлауынша, еврей мемлекеті әуе кеңістігін жапты. Ирак пен Иордания да осындай шешім қабылдады. 


Рекомендовать
Последние новости