Елорданы қардан тазалау қарқынды жүруді

Dalanews 26 нояб. 2019 11:12 511

Елорданың барлық аудандарында қала аумағын қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Кеше күндіз және түнде коммуналдық қызметтер 9094 текше метр қар шығарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалада қар тазалау, шығару жұмыстары үздіксіз жүруде. Ағымдағы жылдың 25 қарашасында қар тазалау жұмыстарына 714 бірлік арнайы техника мен 1595 жол жұмысшылары жұмылдырылды.

25 қарашадан 26 қарашаға қараған түні елорда көшелерін тазалауға 522 бірлік арнайы техника мен 181 жол жұмысшылары шықты. Сонымен қатар, кеше күндіз және түнде коммуналдық қызметтер 9094 текше метр қар шығарды. Қар түскелі бері барлығы 279090 текше метр қар шығарылды.

Рекомендовать
Последние новости