Елордалық құтқарушылар төтенше жағдай кезіндегі біліктілігін пысықтады

Dalanews 06 нояб. 2019 12:38 755

Нұр-Сұлтан қаласында қысқы кезеңге дайындық барысында 5-6 қараша күндері төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру бойынша «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

Дайындық шарасына  Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатовтың басшылық жасағанын айта кетуіміз керек. 5 жерде ұйымдастырылған «Қыс – 2019» оқу-жаттығу шарасында – бірінші оқу кезең: авариялық-құтқару құрамаларының сап түзеуі; екінші оқу кезеңі: жылу құбырларындағы аварияны, сондай-ақ электрэнергетикалық желілердегі электр беру желілерінің үзілуін жою. Қатты аяз салдарынан жылу желілерінің апатты өшірілуі орын алды. Туындаған жағдайды жою үшін оқиға орнына «Астана-теплотранзит» авариялық бригадалары жіберілді.

Үшінші оқу кезеңі: зардап шеккендерге арналған жылыту және тамақтану орындары. Қабылдау пункті құтқарушыларға демалуға, жылынуға және тамақтануға, сондай-ақ «Апаттар медицинасы орталығы» дәрігерлерінің зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 


Төртінші оқу кезеңі: биік ғимараттан өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізу. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша тұрғын үй кешенінің 7-қабатында электр сымдары мен кабельдердің тұйықталуы орын алды. Шұғыл түрде шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері, құтқару бөлімшелері келіп жетеді, олар альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен, автосатыны көтеру, сондай-ақ «Өмір текшесіне» секіру құрылғысын қолдану арқылы  адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Апаттар медицинасы орталығы, 103 қызметі зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.

Бесінші кезең: Нұр-Сұлтан-Қарағанды автожолында қар басқан автобустан жолаушыларды эвакуациялау және балықшыларды іздеу. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша 112 құтқару қызметіне Нұр-Сұлтан-Қарағанды рейстік автобусының жолаушыларынан жауын-шашын мен 25 м/сек екпінді желдің салдарынан жолаушылары бар автобус қар құрсауына түскендігі туралы  қоңырау келіп түсті. Төтенше жағдайлар туындаған жерге шұғыл көмек көрсету үшін Департаменттің күштері мен құралдары, құтқару жасағы, 5573 әскери бөлімінің 25 әскери қызметшісі, Трэкол жоғары өтімді автокөліктерімен медициналық бригадасы жіберілді. «Бүгін біз елорданың жедел әрекет ету қызметтерінің қаншалықты дайын екеніндігіне куә болдық. Сондай-ақ оқу-жаттығуда жолаушыларды эвакуациялау, зардап шеккендерді құтқару және оларға медициналық көмек көрсету бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар пысықталды. Бүгінгі оқу-жаттығу ойдағыдай өтті деп есептеймін. Себебі алға қойған мақсаттарымызға қол жеткіздік», – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник М.Аманбаев. Айта кетейік, оқу-жаттығуға барлығы 31 бірлік техника мен жеке құрамнан 126 адам жұмылдырылды.

 

Рекомендовать
Последние новости