Алдағы 3 жылда үлесті құрылыстың барлық мәселесі шешіледі

Dalanews 06 нояб. 2019 10:43 753

Елордадағы үлестік құрылыс гысандарының құрылысы бойынша қабылданып отырған шаралар туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері төрағаларының жұмыс нәтижелері бойынша объектілер саны 51-ден 48-ге дейін азайған. Ал 19 объекті бойынша іс-қимылдар жоспарлары айқындалды. Мұнда құрылысты салып бітіру үлескерлермен инвесторларды тарту жолымен дербес жүзеге асырылуда.


«29 ерекше проблемалы объекті «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында аяқталатын болады» деді әкім орынбасары.

Баспасөз шарасына қатысқан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан 40 млрд. теңге көзделіп отырғанын атап өтті.

Әкімдіктің уәкілетті ұйымы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС 6 млрд. теңгені игеріп, ағымдағы жылы тағы 14 млрд. теңгені игеруді жоспарлап отыр. Қалған 20 млрд. теңге 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында игерілетін болады. Таяудағы 3-4 жылда қазіргі проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтауға және жергілікті атқарушы органның тарапынан бақылауды жүзеге асыруға қатысты сатып алушыларға оларға материалдық зиян келтірілуін болдырмау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында құрылыс салушыларға ақша тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді алу ұсынылды.

Рекомендовать
Последние новости