Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір пайдалануға берілді

Dalanews 08 авг. 2022 09:28 1356

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бүгін Ұлы дала даңғылында орналасқан көпірдің ашылатынын мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

– Бүгін Ұлы дала даңғылында орналасқан жаңа көпір ашылды. Автомобиль көпірін салу бойынша негізгі жұмыс аяқталып, осылайша көпір пайдалануға берілді. Көпірді абаттандыру, оның ішінде тротуар бөлігі бойынша соңғы жұмыстар қатар жүретін болады. – деді қала басшысы.

Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, А.Байтұрсынұлы, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен «Мыңжылдық» аллеясындағы көлік ағынын азайтуға мүмкіндік береді Бұдан  басқа «Нұрлы жол» вокзалы, Тельман және Промышленный елдімекендері, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі аралығындағы көлік қозғаласын жақсартатын болды.


Сондай-ақ, А62 көшесінің (А91 көшесінен Нұр-Сұлтан-Қарағанды трассасына дейінгі аралық) құрылысы жүріп жатыр. Бұл көше Қарағанды трассасы мен «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалау бөлігі арасында көлік байланысын қамтамасыз етеді.

Бұл маңайда қозғалысты алдағы күзде ашылатын болады. Аталмыш көше аудандарды жаңа көпірмен жалғауға мүмкіндік береді.

– Есіл өзені арқылы өтетін, көлік қозғалысына арналған тағы бір көпір Тәуелсіздік даңғылында келесі жылы ашылады. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Әзірет Сұлтан мешітін, Байтұрсынұлы, Қордай, Айнакөл көшелерін, Момышұлы даңғылын елорданың сол жағалауымен қосымша байланыс орнатады, – деп жазды Алтай Көлгінов.

Рекомендовать
Последние новости