Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай стритбол мен футболдан турнир өтті

Dalanews 20 сент. 2021 07:08 928

Нұр-Сұлтан қаласында бұқаралық спорт жоғары деңгейде дамып келеді. . Елордалықтардың спортпен айналысуы үшін қала әкімдігі барынша жағдай жасауда. Қазіргі таңда қалада үлкен спорт нысандарынан бөлек көп қабатты тұрғын үйлер мен саябақтар жанынан салынған алаңдар халықтың спортпен айналысуына ықпал етіп отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Күні кеше ғана Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аула клубтары арасында ұйымдастырылған «Aula Ligasy» футбол турнирі біздің жоғарыдағы сөзімізге дәлел болады. Қала әкімінің кубогы үшін өткен жарысқа төрт ауданнан 1500-ге жуық бала қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан «Aula Ligasy» турнирі елордада 19 маусымда басталған болатын. Жарыс қаланың 40 футбол алаңында өтіп, оған 135 команда қатысқанын айта кетуіміз керек.

Финалдық ойындар жақында «Астана Арена» стадионында өтті. Турнир қорытындысы бойынша ақтық сынға әр ауданның 8 үздік командасы шығып, бақ сынады. Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Самат Жылқыбаев қатысты.

Байқоңыр ауданының «Baikonur Team» командасы «Aula Ligasy» турнирінің чемпионы атанды. Жүлделі екінші орынды Есіл ауданының «Жағалау» командасы иеленсе, үздік үштікті Есіл ауданының «Сенім» ұжымы түйіндеді.

Турнир барысында үздік ойынымен көзге түскен қатысушылар бірнеше номинация бойынша марапатталды. Сонымен жарыс барсында «Үздік ойыншы» – Нұрәли Садықов, «Үздік шабуылшы» – Назар Сәбитұлы, «Үздік қорғаушы» – Бекзат Әбен, «Үздік қақпашы» – Нұрсұлтан Сұлтанғазы танылды.

Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен дипломдар, сондай-ақ спорттық форма және жарыс демеушісінің сертификаттары тапсырылды. Турнир санитарлық нормалар мен карантин талаптарға сай өткенін айта кетуіміз керек.

Ал Елордадағы Отан қорғаушылар алаңында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирінің финал ойындары мен марапаттау рәсімі өтті. Турнирге ер балалар мен қыздардан құралған 35 команда қатысты.

Стритбол жарысының бірінші кезеңі осы жылдың 19 маусымында Алматы ауданындағы Президенттік саябақта басталған болатын. Біріншілік ойындары тек демалыс күндері, Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданында белгіленген уақытта «ASHYQ» қосымшасы арқылы өтті.



Ойынға ұлдар мен қыздардан құралған 110 команда қатысты. Төрт ойыншыдан тұратын командалар U-16, U-18 екі санатында жарысты. Іс-шара соңында жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және арнайы стритбол формаларымен марапатталды.

Жарыс қорытындысы:

Қыздар U-16 категориясы бойынша:

1 орын – «Бизешкин» командасы;

2 орын – «Тамирис» командасы;

3 орын – «СДЮШОР №5» командасы;

Үздік ойыншы номинациясы – Анна Кочура.

Қыздар U-18 категориясы бойынша:

1 орын – «Тайгерс» командасы;

2 орын – «СДЮШОРЮ№5» командасы;

3 орын – «Астана» командасы;

Үздік ойыншы номинациясы – Малика Салиева.

Ұлдар U-16 категориясы бойынша:

1 орын – «№52» командасы;

2 орын – «Шарашкина кантора» командасы;

3 орын – «№38» командасы;

Үздік ойыншы номинациясы – Турдиев.

Ерасыл Ұлдар U-18 категориясы бойынша:

1 орын – «Street Beabers» командасы;

2 орын – «3nd» командасы;

3 орын – «Колизей» командасы;

Үздік ойыншы номинациясы – Иса Сұлтанбейбарыс.

 

Рекомендовать
Последние новости