Елордада оқушылардың жазғы демалысы сөз болды

Dalanews 18 мая 2021 16:36 853

Елордада жазғы демалыс «Қазақстан балалары – жазды қуанышпен қарсы алады!» атты ұранымен өтеді. Жазғы кезеңде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі және балалардың шығармашылық дамуы үшін мүмкіндік болып саналады. Бұл туралы онлайн брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Римма Иманғазинованың айтуынша, жаз мезгілінде қала сыртындағы мына лагерьлердің жұмысы жандандырылады:

- 240 орындық «ARMAN» туристік-сауықтыру кешені;

- 160 орындық «Боровичок» сауықтыру лагері.

«Аталған лагерьлер қаладан 100 шақырым жерде, яғни Ақмола облысында орналасқан. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, 10 күннен 5 ауысым өткізу жоспарланып отыр. Лагерьлер 7 маусымнан 10 тамызға дейін ұйымдастырылады.

Штаттық қызметкерлер – тәлімгерлер, тәрбиешілер, медициналық қызметкерлер, аспаздар, техникалық қызметкерлер құрылды», - деді ол.

Сондай-ақ, әль-Фараби және Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының базаларында санитарлық нормаларды сақтай отырып балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарлануда. Бірақ ас-суы қамтамасыз етілмейді.

Туындаған сұрақтар бойынша Білім басқармасының Call-орталығына 55-68-51 телефоны бойынша хабарласып біле аласыз.

Рекомендовать
Последние новости