Елордада Конституция күніне орай жиын өтті

Dalanews 27 авг. 2021 08:44 1056

Елордада «Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясының мызғымастығының символы және кепілі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған іс-шара офлайн және онлайн форматында болды.

– Бас қосуымыздың себебі – Қазақстан Республикасының Конституция күні. Бұл маңызды мемлекеттік мереке. Бүгінгі іс-шарада Конституциямыздың дайындалуына, оның жаңғыртылуына үлес қосқан еліміздің танымал заңгерлері, құрметті азаматтары отыр. Дөңгелек үстел өткізуіміздің тағы бір себебі – «Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдамалы еңбектері» кітабының тұсаукесері. «CNPC International in Kazakhstan LTD» компаниясының қолдауымен Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты дайындаған. Басылымның жауапты редакторы – Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Болат Сұлтанов, – деді жиынды ашқан Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы конституциялық құрылыстың өзекті мәселелерін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың идеялық шабыттандырушы және Қазақстан Республикасы Конституциясының авторы ретінде мемлекетіміздің берік құқықтық негізін құрудағы үлесін, ел Президенті Қ.Тоқаевтың еліміздің негізгі Заңының мызғымастығының кепілі ретіндегі жетекші рөлін талқылады.

Рекомендовать
Последние новости