Елордада көмір қоры жеткілікті

Dalanews 26 окт. 2019 08:10 774

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов көмір сатылатын орынға барып, бағасын бақылады. Қаланың әртүрлі бөліктерінде 11 орында көмір сататын 8 компания бар, көмірдің барлық түрлеріне бағалар бекітілген. Орташа құны жеткізуді қоспағанда – 12 мың теңгені құрайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көмір бағасын көтермеуге және делдалдардың көмір компанияларымен келісіп сыбайласып кетуіне жол бермеуге тапсырма берген болатын.

«Бек-Аида» ЖК сату менеджері Дулат Құсайынов атап өткендей, көмір сату орындарда жетіспеушіліктер болмаған.

– Көмір сату компаниялары мен әкімдіктің көмірді алдын-ала сатып алу туралы уақтылы жүргізілген ақпараттық жұмысының арқасында ешқандай дүрлігу мен ұзын-сонар кезек болған жоқ. Тұрғындар көмірді жазда сатып ала бастады. Қазір де келіп жатыр, көбісі алғашқы қарға дейін сатып алған. Бағалар бекітілген, – деді Д.Құсайынов.


Елордада жыл сайын 500 мың тоннадан кем емес көмір тұтынылады, бүгінге шамамен 250 мың тонна көмір жеткізілген. Көмірдің қоры 18 мың 300 тоннадан асады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов көмірдің бағасы мен сапасын бақылауда ұстап отыруды әрі қарай жалғастыра беру керектігін айтты.

«iKomek109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жанында қауырт желі құрылды. Онда әр тұрғын сату орындағы көмірдің бар-жоғы, қанша қоры барын, бағасы мен түрлері туралы біле алады. Сондай-ақ, қаладағы көмірге қатысты ақпарат қалалық және аудандық әкімдіктердің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады.

Рекомендовать
Последние новости