Елорда жылу беру маусымына дайын ба?

Dalanews 24 сент. 2019 16:41 796

Жылу беру маусымына энергия көздері жабдықтарының жалпы дайындығы 97% құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында елорда әкімі А. Көлгінов мәлімдеді.

ЖЭО-1 дайындығы – 95%, ЖЭО-2 – 97%, аудандық қазандықтардың дайындығы – 100%. Станцияларда отынның нормативтік 20 тәуліктік қоры, мазут-8243 тонна жинақталған, бұл жалпы қажеттіліктің 103% – ын құрайды.

"Жылу желілері бойынша магистралды және тарату желілерін күрделі жөндеудің барлық көлемі аяқталды, барлық магистральдарға тиісті гидравликалық сынақтар жүргізілді. Электр желілері жылу беру маусымына 97% - ға, ал сумен жабдықтау және су бұру нысандары 100% - ға дайын", - деді А. Көлгінов.

Сонымен қатар, білім беру және тұрғын үй қоры нысандары 98% - ға, Мәдениет нысандары 93% - ға және денсаулық сақтау нысандары 100% - ға дайын.


Қала әкімі атап өткендей, көмір кесте бойынша келеді, өткен аптада 8 мың тоннадан астам алынды. Маусым айынан бастап қалаға 125 мың тонна көмір келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық. 1 қазанға дейін жылыту маусымына дайындық 100% құрайтын болады.

Рекомендовать
Последние новости