Еліміздегі газдың 19%-ын тұтынатын Маңғыстау облысын газбен жабдықтау ісіне баса көңіл бөлуде

Dalanews 27 нояб. 2023 12:55 1189

Маңғыстау Қазақстан бойынша табиғи газды ең көп тұтынатын аймақ. Өткен жылы өңірге 2,6 млрд текше метр көгілдір отын қажет болды. Бұл республика бойынша  ішкі нарықтағы тұтыну қажеттілігінің 19%-ын құрайды.

Ел Президентінің тапсырмасымен 2023 жылдың қазан айында ұзындығы 308 шақырымды құрайтын «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісі бойынша газ беру басталды. Оның құрылысы өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылды. Бұл туралы Нұрлан Ноғаев баспасөз мәслихатында айтты.

Маңғыстау облысында газдандыру саласындағы жобаларды іске асыру қарқынды жүріп жатыр, бұл газ тасымалдау жүйесінің қуаты мен өткізу қабілетін арттыруға, өңірдің табиғи газын тұтынудың өсіп келе жатқан көлемін жабуға және өңірдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жобалар жаңа өндірістік қуаттарды құруға мүмкіндік беретін елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Аталған жобалар «Qazaq Gaz» және «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

2023 жылдың қазан айында Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен»магистральдық газ құбырының екінші желісі іске қосылды. «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісін іске қосу елді мекендерді, ірі өнеркәсіптік объектілерді, сондай-ақ Маңғыстау облысының негізгі энергетикалық кәсіпорны-жылу және электр энергиясын өндіретін «МАЭК» ЖШС тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз етеді.


Мәселен, «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісінің өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд текше метрді құрайды. Бұған дейін «Окарем-Бейнеу» газ құбыры осы бағыт бойынша 3 млрд текше метрден астам айдауды қамтамасыз еткен болатын. Енді екі газ құбырының жалпы өткізу қабілеті жылына шамамен 9 млрд текше метрге жетеді. Бұл өңірдің қажеттіліктерін толығымен жабады.

Сондай-ақ, тұрақты газбен жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырының 4 желісін салу жобасын іске асыруға 5,3 млрд.теңге (148 км газбен жабдықтау желілері) бөлінді.

– Президенттің тапсырмасы бойынша Құрық ауылы ауданындағы АГТС-тен «Саршадан» – «Жылы жағажай» курорттық аймағындағы «Риксос» қонақ үйіне дейінгі жоғары қысымды газ құбыры да аяқталды. Бұл жоба Құрық кентін және жақын жерде орналасқан өндірістік объектілерді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жағажай туризмін дамыту үшін өте маңызды жоба, – деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ, іске асырылып жатқан «Каспий энергетикалық хабы» шеңберінде жаңа шағын аудандарды тұрақты газбен жабдықтау мақсатында «Жаңаөзен-Ақтау» МГ құбырынан басталатын автоматтандырылған газ тарату станциясы бар магистральдық газ құбырының құрылысы жүріп жатқанын атап өткен жөн.


Ұзындығы 52 шақырымдық газ құбыры Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Дәулет және Баянды ауылдарының, сондай-ақ Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Саин Шапағатов ауылдарының 150 мыңға жуық тұрғынын жылумен және тауарлық газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда, ол үшін республикалық бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлінді.

 

Рекомендовать
Последние новости