Ел қазынасының 10 пайызын «Самұрық-Қазына» толтыруда

Dalanews 22 янв. 2020 13:26 908

Еліміздегі «Самұрық-Қазына» қорына қарайтын алпауыт компаниялардың 2019 жылғы табысы 922 млрд теңгені құрады. Бұл жайындағы ақпарат «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовке берілген есепте көрсетілген. Өз кезегінде А.Есмов қорға қарасты компаниялардың жұмысына оң бағасын берді.

А.Есімовтың жұмысты оң бағалайтын жөні бар. Айталық, 2019 жылдың басында «Самұрық-Қазына» қоры бір жылда табыс көлемін 20,5 пайызға немесе 157 млрд теңгеге ұлғайтуды жоспарлаған-ды. Жұмыс барысында  ойға алған іс 38 пайызға артығмен орындалған.

Осы ретте «Саұрық-Қазына» қорының 2017 жылдан бергі қарыздық жүктемесі 1 трлн теңгеге төмендегенін де айта кетуіміз керек. Ал сыртқы қарыздар 5,1 млрд долларға кеміген.


Ең бастысы қордың басты акционері саналатын Үкіметтің дивиденті 190 млрд теңгені құрап, екі есеге өскені мәлім болды.

– Мұндай жоғары нәтижеге 2018 жылы Елбасы бекітіп берген даму стратегиясының арқасында қол жеткіздік, – деп ағынан жарылды А.Есімов мырза.

Ал қордан бюджетке түсетін түсімдер 2019 жылы 1,2 трлн теңгені құраған. Бұл – жалпы бюджеттің 10 пайызын құрайтынын айта кетуіміз керек.


Қорға қарасты жекелеген компаниялардың табыстылығы жайында сөз қозғасақ. Өткен жылы Air Astana компаниясының жолаушылар тасымалдау ағыны 2018 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артқан. Ал «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның таза табысы 39 пайызға ұлғайғаны белгілі болды. Сол сияқты «ҚТЖ» ҰК» компаниясының табысы 2018 жылмен салыстырғанда 35 пайызға өсіпті.

 

 

Рекомендовать
Последние новости