Ел болашағы – заман талабына сай маман

Dalanews 10 янв. 2020 05:28 1490

2019 жылдың 11-15 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Worldskills Kazakhstan 2019» - V республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Оған еліміздің 17 аймағынан конкурсанттар қатысты. Ұлттық чемпионатқа біздің Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінен 4 студент қатысып,  Алматы қаласының намысын қорғап келді. Олар 4 құзыреттілік бойынша бақ сынап, 1 – алтын, 1 арнайы медальонмен оралды. Атап айтар болсақ, «Ақпараттық кабельді желілер» құзыреттілігі бойынша – Скубиев Виталий-1 орын, «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша – арнайы медальонмен Жүкенов Ернұр марапатталды. Мұндай чемпионаттар студенттердің білімге ұмтылуына, берілген тапсырманы жылдам әрі тиянақты орындауға, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.



Аманова Г.А. – «Бизнес үшін ІТ-шешімдер» құзыреттілігі бойынша сарапшы.

 

ХХІ ғасыр – ғылым мен жаңа технологияның қарыштап дамыған ғасыры. Заман ағымына ілесіп, көштен қалмау – біздің міндетіміз. Осы орайда жас ұрпақтың бойына ақпараттық сауаттылық пен көшбасшылықты, бәсекеге қабілетті болуын, заман сұранысына ие мамандыққа бағытталуын ұғындыру керек. Ел болашағы – заман талабына сай маман!

Қазіргі таңда ғылымды дамыту, мәдениетті  көтеру біздегі ең  маңызды міндеттердің бірі.  Біз жан-жақты дамыған, білімді, сауатты, бірнеше тілді еркін меңгерген, интеллектуалды ой-өрісі кең, ұрпақ болуға міндеттіміз.

 



Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің директоры М.А.Омарбеков және оқытушылар мен қатысушылар.                         

 

Еліміздің жиырма сегізжылдық ғұмырына көз салсақ, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп, еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері көп. Бүгінгі Қазақстанды дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыруға, еліміздің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүниежүзіне танытуға күш салуымыз керек.

 Гүлнара ӘЛМАХАНҚЫЗЫ,
Алматы мемлекеттік политехникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы

 

Рекомендовать
Последние новости