Экстремизмді насихаттаған 90 сайт бұғатталды

Dalanews 27 июл. 2016 06:24 874



Астана прокуратурасы Қазақстанда "терроризм мен экстремизмді насихаттауына" байланысты 94 сайт сот шешімімен бұғауланғанын хабарлады.






2016 жылдың басынан бері Астананың Есіл аудандық сотына шетелдік жекелеген сайттарда жарияланған материалдарды заңсыз деп тауып, олардың Қазақстан территориясында таралуын тоқтатуды талап еткен жиырма шақты талап-шағым түскен.

"Азаматтық істерді қарау нәтижесі бойынша, терроризмді, экстремизм мен сепаратизмнің кез-келген түрі насихатталатын, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін 94 сайт бұғатталды" делінген хабарламада.

Прокуратура ақпаратында сотқа талап-шағымдарды ақпарат және коммуникация министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті түсіргені айтылады. Сот талап-шағымдарды қанағаттандыруға шешім шығарып, ол күшіне енген.


"ҚмД" ақпарат


Рекомендовать
Последние новости