Экология министрі консервіленген киік етінің дәмін көргісі келетінін айтты

Dalanews 23 янв. 2024 08:48 1083

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев консервіленген киік етінің дәмін татып көргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналистер министрге "Консервіленген ақбөкен етін америкалық актер Леонардо Ди Каприоға жіберуді жоспарлап отырсыз ба?" деген сұрақ қойды.

"Танымал Голливуд актері Леонардо Ди Каприо ғана емес, көптеген халықаралық ұйым да 21 мың киіктің санын өсіргеніміз үшін бізге алғыс хат жібереді. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мәселенің екінші жағын да түсініп отыр. Олар ақбөкен санын реттеу керегін де де, әлемде мұндай тәжірибе барын да қабылдайды", - деді министр.

Министрдің сөзінше, қазір киік санын қолдан реттеуге мәжбүр болып отыр.

"Киік санының табиғи реттелу құбылысының бұзылғанына өзіміз кінәліміз. Бүгінде оны қолдан реттеуге мәжбүрміз. Өйткені олар ауыл шаруашылығына шығын келтіріп жатыр. Консервіленген (киік етіне) тоқталайын. Ол сатылып жатса, өзім сатып алып, дәмін көремін. Шынымды айтсам, бұл туралы ойламаппын", - деді Ерлан Нысанбаев.


Сурет: facebook.com/EcologyofKazakhstan

https://dalanews.kz/saraptama/98104-talaydy-taubesine-keltirgen-kun-ard

Рекомендовать
Последние новости