Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікке қарсы дәрі жасалды

Dalanews 23 янв. 2024 09:49 1936

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде алғаш рет қатерлі ісікке қарсы дәрі жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің сөзінше, биотехнолог Дос Сарбасов Қазақстанға оралған.

"Ол Техас университетінің Андерсон зертханасында жұмыс істеді. Бірнеше жылдан бері Назарбаев университетінің ұлттық зертханасын басқарады. Қазіргі таңда онкологияға қарсы жаңа препараттарды шығарумен айналысып жатыр", - деді министр.


Оның айтуынша, бүгінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 15 адам қазақстандық препаратпен емделіп жатыр.

"Біз бірден 4-5 жыл үнемдеп, үшінші кезеңге көштік, жақын арада ісікке қарсы дәріміз шығады", - деді министр.

Рекомендовать
Последние новости