«Екінші мүмкіндік». Алматы облысында бұрын сотталғандарға 3 млн теңгеден грант беріледі

Dalanews 02 авг. 2022 11:45 720

Жаза басып, өмірде жүрісінен жаңылысқандар, темір торға тоғытылып, қылмыстың өтеуін өтегендердің бостандықтан кейінгі өмірі әдетте бұлыңғыр болып жататыны жасырын емес. Түрмеде отырып шыққандардың өмірге бейімделіп кетуі өте қиын. Осы ретте Алматы облысында түрмеде жазасын өтеп шыққандарға өз ісін бастауға мүмкіндік беретін арнайы жоба іске қосылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өмір ағысын өзгерткен бұл адамдарға жоба аясында әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды іске асыруға 3 000 000 теңге сомасына шағын грант беріледі.

Басты талап, қатысушылар бизнес-жоспарларын қорғауы керек. Айта кетейік, келіп түскен өтініштер ішінен тек 10 жоба ғана іріктеуден өтеді.


Бұрын сотталғандар мен пробация қызметінде есепте тұрған адамдар қатарынан 50-і ғана әлеуметтендіру және еңбекке бейімдеу қызметтерін алады.

Қаперіңізде болсын, алаяқтық жасағаны үшін сотталған адамдар жобаға қатыса алмайды.

Рекомендовать
Последние новости