Екі елде Қазақстанға қатысы бар трансұлттық қылмыстық топ әшкере болды

Сағыныш Сардарова 29 апр. 2024 09:50 2570

Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет алаяқтыққа қатысы бар екі трансұлттық қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде ІІМ қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтады. Министрлік қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды.

Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылды. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысқан. 9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ, 35 грамм метадон препараты тәркіленді.

Одесса қаласында алаяқтыққа қатысы бар үш call орталық таратылды. Қаскөйлер жалған инвестициялық компанияларға қаржы салу сылтауымен интернет алаяқтық жасаған. Мұнда 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 автокөлік, 58 ноутбук, 52 смартфон, 100-ден астам sim-карта, сондай-ақ, 200 мың АҚШ долларынан аса сомаға цифрлық активтер тәркіленді.

"Қазіргі уақытта тергеу және жедел-іздестіру амалдары жалғасып жатыр", – деді Шыңғыс Әлекешев.


Рекомендовать
Последние новости