Дүзелбаев жарысты сәтті бастады

Dalanews 09 авг. 2016 05:47 894

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында садақпен ату бойынша жеке сында қазақстандық спортшы Сұлтан Дүзелбаев өзінің қарсыласы - қытайлық Гу Сюэсуннан басым түсіп, жарысты ары қарай жалғастыратын болды. 20 жастағы талдықорғандық Сұлтан Дүзелбаев - Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Бұл спорт түрі қазақтар арасында енді дамып келеді. Талдықорғандық жігітке ата-бабалары асынған бес қарудың бірі арқылы әлемге танылу бақыты бұйырсын дейміз.

Рекомендовать
Последние новости