Досаев Алматы әкімі лауазымынан босатылды

Сағыныш Сардарова 24 мая 2025 09:19

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Ерболат Досаев 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.1987 жылы Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

Бұған дейін бірнеше салада қызмет атқарған:

  • 1997 ж. – "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, "АТФ Банк" ЖАҚ Басқарма Төрағасы;
  • 1998 ж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі;
  • 1998 ж. – Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
  • 2000 ж. – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі;
  • 2001 ж. – Қазақстанның Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
  • 2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;
  • 2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;
  • 2006-2012 жж. "Қазинвестбанк" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы;
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен  бастап – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан  бастап – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
  • 2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.
  • 2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
  • 2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы.
  • 2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап Президент Жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

"Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.


Рекомендовать
Последние новости