Дос Көшім: "Бізде жағымпаздық идеологиясы ғана бар"

Dalanews 10 дек. 2019 09:12 980

Қазақстанның ең үлкен тойы – Тәуелсіздік. Осы Тәуелсіздік пен Астананың тойына бөлінетін ақшаны салыстырсаңыз тіліңізді тістеп қаласыз.

Иә, Астананы тәуелсіздіктің символы дейді. Дұрыс та шығар. Дегенмен, неліктен Тәуелсіздік күніне, Желтоқсан көтерілісіне немесе бұдан басқа да тарихи оқиғаларға дәл Астананың тойын тойлағандай, керек десеңіз бұдан артық көңіл бөлмеске?

Астананың туған күнін тойлау жай ғана жағымпаздық. Басқа ештеңе емес. Назарбаевтың төл туындысы, Назарбаевтың идеясы қараудан ғана туған...

Астананың қабырғасы қаланған тарихи күнді өзгертіп, оны президенттің туған күнімен тұспа-тұстау баланың ойыны сияқты көрінеді маған.


Астананың туған күнін тойлау бір адамға Құдайдай табынудың белгісі сияқты көрінеді маған. Соншама шығынға батып не көрінді әйтпесе?
Қазіргі биліктің идеологиялық жұмысы Астананың айналасымен ғана шектеліп қалған сияқты. Сияқты емес, дәл солай. Ұлттық идеология жоқ, жағымпыздық идеологиясы ғана бар қазіргі Қазақстанда...".

 

Рекомендовать
Последние новости