"Долларға деген сұраныс күрт түсіп кетті". Ақша айырбас орындарында не болып жатыр?

Кәмшат Тілеухан 25 апр. 2025 16:30 701

Наурыз айында еліміздегі ақша айырбас орындарындағы американдық валютаның сатылым көлемі бірден 58%-ға төмендеді. Ресей рублінің сатылымы да антирекорд орнатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Наурызда еліміздегі ақша айырбас орындарында америкалық валютаның нетто-сату көлемі 73,9 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда ақпан айында 58% -ға және наурызда 53%-ға қысқарды. АҚШ долларына деген сұраныстың төмендеуі наурыз айында АҚШ валютасына шаққанда теңгенің біршама нығаюы әсер етті (ақпан айындағы орташа бағам 506 теңге болса, наурыздағысы - 498 теңге)", - деп атап өтті сарапшылар.

Евроға деген сұраныс та төмендеді: айлық мәнде бірден 65%-ға, ал жылдық мәнде - 39%-ға, номиналды түрде алғанда, 11,6 млрд теңгеге дейін.

"Бірақ бұл арада аса бір нақты минимумдар туралы сөз жоқ, өйткені қазіргі төмен деген деңгейден де төмені соңғы рет салыстырмалы түрде жақында ғана болды: 2024 жылдың тамыз қыркүйегінде. Евро бағамы наурыз айында, керісінше, ақпанға қарағанда жоғары болды (536,6 теңге, +1,9%)", - деп түсіндіреді Бірінші несиелік бюро сарапшылары.

Ақша айырбастау орнына тұтынушылар рубльді өте белсенді түрде өткізуді жалғастыруда, теріс мәндегі сұраныс осымен төртінші ай қатарынан сақталуда. Ақша айырбас орындары наурыз айында рубльді сатқаннан гөрі, көбірек сатып алған: 18,9 млрд теңгеге дейін.

"Бұл көрсеткіш 2020 жылдың басынан бергі антирекордты жаңартып отыр. Оның үстіне наурыз айында ақпан айымен салыстырғанда рубль қымбатырақ болды: орташа бағам 5,79 теңге, яғни бір айда 5,9% үстемеледі", - делінген Бірінші несиелік бюроның Телеграмдағы DataHub арнасында.

Бұған дейін сайтымызда "Теңге бағамы нығайып жатыр. Неге?" деген мақала жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости