Доғарыңдаршы!

Dalanews 15 дек. 2016 08:19 856

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында қатысушылардан өзіне жағымпаз мақтаулар айтуды доғаруды сұрады.

«Бүгін менің атыма көптеген жағымпаз мақтаулар айтылды. Мен мұндайға сенетін жаста емеспін. Бірнәрсе жасалып жатса, ол жайлы айтқан дұрыс, ал одан асыра мақтау керек емес», – деді Елбасы бейсенбі күні өткен салтанатты жиында.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы құттықтау тілектерін айтқандарға алғысын айтты.

«Мұның бәрі мені болашақта да шабыттандыру үшін айтылып жатыр деп санаймын. Шынымды айтайын, мен шабыттанып отырмын», – дейді Елбасы.

Рекомендовать
Последние новости