Астанада өткен америкалық әнші Дженнифер Лопестің концертінде жанжал туындады. Тәртіпсіздік жасаған әйел Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтың жұбайы көрінеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы ақпарат алдымен Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланды.
"Концерт кезінде бірнеше әйел төбелескен. Ең белсендісін стадионнан көтеріп алып шығуға тура келген. Кейін оның Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтың жұбайы Зарина екені анықталды. Ол – бес баланың анасы", делінген жазбада.
Астана қалалық полиция департаменті де аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді:
"Концерт барысында қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге қатысты факт тіркелді. Жанжалдың ушығуының алдын алу үшін полиция қызметкерлері оны іс-шара аумағынан шығарды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды".
Бұған дейін сайтымызда "Джей Лоның етегімен алысқан депутат жұрттан сөз естіді" деген материал жарияланған.