Депутат: «Сапарбаев зейнетке шығуы керек. Орнына жастар келсін!»

Dalanews 23 янв. 2022 09:01 965

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбілфас Хамедов Қазақстан халқы Ассамблеясының дөңгелек үстел отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қызметінен босатуды ұсынды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Mnews.kz сайтана сілтеме жасап.

Айтуынша, депутат өткен айда әріптестерімен Жамбыл облысына барған. Бірақ, олар әкімді де, оның орынбасарын да кездестіре алмаған.

– Мен тағы екі депутатпен 20-21 желтоқсанда Жамбыл облысына бардым. Бірақ, ол жерде әкімді де, оның орынбасарын да кездестірмедік. Республикада халық бетпе-бет келген мәселелер көп. Жамбыл облысының әкімі зейнетке шығуы керек. Орнына жастар келсін, қоғамның мәселелерін шешсін, – деді Әбілфас Хамедов.


Белгілі болғандай, Жамбыл облысының әкімі депутаттарды физикалық түрде қабылдап үлгермеген.

«Бұл күндері облыс басшысы аудандарда іс-сапармен жүрді. Сондықтан депутаттарды күте алмады» деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Рекомендовать
Последние новости