Депутат Баққожаевтың ағасы анасына құрметсіздік көрсеткені үшін жазаланды

Көркем Алдабергенова 27 дек. 2024 13:01 575

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың туған ағасы – Арыс Баққожаевтың биыл отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.Aqsha-ға сілтеп. 

Анас Баққожаевтың туған ағасы – Арыс Баққожаевтың биыл отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол мас күйінде өз анасына балағат сөздер айтып, құрметсіздік танытып, оның тыныштығын бұзған. Сотта әйел ұлына ескерту беруді, алкоголь ішуге және өзіне жақындауға тыйым салуды сұрады.

Нәтижесінде Баққожаевқа ескерту жасалып, бір жыл бойы анасының рұқсатынсыз онымен байланысуға тыйым салынды. Сонымен қатар, оған алкоголь және есірткі заттарын қолдануға тыйым салынды.

Арыс пен Анас Баққожаевтардың ағайынды екенін көпшілікке қолжетімді тұлғалардың аффилиирленгендігі туралы мәліметтер растайды.


Рекомендовать
Последние новости
Соңғы рейс...
27 дек. 2024 12:15