Дэн Браунның коды немесе әлемге әйгілі жазушымен сұхбат

Dalanews 24 мая 2016 08:34 1085

Әлемдік әдебиетке, құпия ұйымдар мен тарихи жұмбаққа толы жәдігерлерге, триллер жанрындағы туындылар мен ең көп оқылымды бестселлер шығармаларға құлағы түрік жамағаттың әйгілі жазушы, қиялы ұшқыр қаламгер Дэн Браунды білмейтіні кемде-кем. Оның кітаптары миллиондаған данамен сатылып, романдары экранизацияланып, оқырмандарын түрлі ойға қалдырып келеді. Оны әлемдегі ең бай жазушының бірі десек те болады. Ия, оның шығармалары ию-қию оқиғаларға толы болғанымен, көркем мәтін деуге келмейді. Бірақ оқырман қиялын шарықтататын қуатқа ие. Оны оқыған адамдар өзіне беймағлұм толып жатқан мағлұматтарға қанығып, бұрын естімегенін естіп, көрмегенін көргендей күй кешеді. Бұл шалқар білім мен оқиғаларды жымдастыра білетін асқан шеберліктің арқасы. "Да Винчи коды", "Инферно", "Періштелер мен Перілер" секілді романдары әлемнің жүздеген тіліне аударылып, талас-тартыс, қызығушылық тудырып келеді. Өкініштісі, оның шығармалары қазақ тіліне қотарылған жоқ. Қытайдағы қазақтар "Да Винчи құпиялығы" атты романын аударғанымен, өз елімізде әлі осы бір сұранысқа ие жазушының атын да білмейтін оқырмандарымыз көп. Төменде әйдік қаламгердің шағын сұхбатын ұсынып отырмыз.

Кодталған идеялар (Coded ideas) by Den Brown

Дэн Браунның жаңа триллері «Инферно» оқиғасы Гарвардтық символист Роберт Лэнгдонның басынан алған қатты жарақатынан кейін Флоренцияда ес -түссіз оянған жерінен басталды. Ол қаруланған қуғыншылардан қашып, үкімет басқармасына жетуге тырысады. Ол Нью Йорктан редакторы Йонас Кауфманды шақыртады да, одан халық үйінің реактивті ұшақтарын өзінің тапсырмасын жалғасты орындауы үшін пайдалана алуына қаншалықты мүмкіндік бар екенін сұрайды. Редакторы қысқа жауап қайтарады: «Автордың діндер тарихының том- том кітабін жазуы үшін жеке ұшақтар пайдалануға бізде ешқандай жол жоқ. Ал, бірақ, егер сіз иконографияның елу көлеңкесін жазуды шындап қаласаңыз, онда әңгіме басқа

Романнан алынған бұл үзінділерге Браун шынайы өмірден сілтеме жасап бере салғандай, себебі жоғарыда айтылған Йонас Кауфман расында «Doubleday»- дың редакторы, ал «Елу көлеңке» шығармасы эротикалық бестсселер жазушы Э. Л. Джеймсдың 70 миллион данамен сатылған әйгілі кітабі болатын. Браунның қағылез характерлі Роберт Лэнгдонның шытырман оқиғалы зерттеуіне арналған тағы да осы сияқты романдары «Да Винчи коды» немесе «Періштелер мен Перілер» атты кітаптары 50- ден астам тілге аударылып, 200 миллион данамен сатылды.

[caption id="attachment_16014" align="alignright" width="699"]w_image_1369750533264_19118 (1) Әйгілі жазушы Дэн Браун[/caption]

«Doubleday» баспасы «Инфернодан» Дантенің тозақты көруінің жұмбақ зерттеулері, гендік инженерия, трансгуманизм, Мультузиандық ақырзаман сценарийі сияқты үлкен дүниелер күтті. Браунның күшейтпелі  баяндау тәсілімен жазылған, қоюланған ауыр прозасының кейіпкері Лэнгдон Дантенің өмірі мен жұмысына негізделген өлтіруші вирустар кодын ашу жолындағы кезекті құпия әрекетін бастайды. «Doubleday» бұл кітапті нарыққа шығарған алғашқы күні баспа жұмысына 4 миллион данаға сұраныс келді.

Манхеттендегі баспа кеңсесінде берген сұхбатында ол өзінің осы уақытқа дейін әлемнің назарын аударып келе жатқан қаламгерлік құпиясының сыры мен күтпеген шиеленістерге толы сюжеттерінің қалай құралатыны туралы ашық әңгімелеп берді.

Бұл кітап оқырмандарға күңгіріт көңіл- күй сыйлайтын сияқты. Себебі, өте ауыр, тіпті, жантүршігерлік тақырыптар қозғалған, ашығын айтқанда, адамзаттың тегін құрту туралы.

– Сіз егер Данте туралы бірдеме жазам десеңіз ол дүниенің күңгірттеу, көңілсіз болмауы мүмкін емес. Инферноның бар қуаттылығы оны ұстап тұрған үш негізгі идеялық ұранында жатыр. Бұл шығарманың жобасы басталғанда- ақ мен соншалықты құмарлықпен бұл тақырыпқа беріліп кеттім. Бұл жерде таза, әсем өнер туралы жаздым, ешқандай әдебиет туралы емес. Данте мені алғашқыдан бастап жаңа бірдемеге қарай тарта кетті, бірақ бұл романда да бас кейіпкер Лэнгдон үшін оқиғалар өтетін бұрынғы жерлер сақталып қала берді. Бұл әдебиет әлемінің Мона Лизасына ұқсайды.

Сіз және сіздің баспаңыз жарыққа шыққан күнге дейін бұл кітаптің сюжетін көпшіліктен жасырын ұстап келді. Флоренциядағы оқиға өтетін жерлер, атап айтқандаПалаццо Веккьо және Баптисттік Сан-Джованни, сіз арнайы осы шығарма үшін бұл орындарда жұмыс істедіңіз бе?

[caption id="attachment_16015" align="alignright" width="186"]скачанные файлы (1) "Да Винчи коды"[/caption]

– Бұл семсердің жүзіндей екі ұшты нәрсе. Жақсы жағынан алсақ, ия, қазір менде оқиғаларымның өтетін орындарына баруыма, тіпті, тұрғындарымен сөйлесуіме үлкен мүмкіндіктер бар, бұрын бұлардың біреуі де болмаған. Екінші бір ынталандыратын жағы, егер мен болашақ жазатын шығармам туралы оларға айтқым келмесе де, бірақ кейде бұл мүмкін болмай кетеді. 

«О, Құдайым-ау, сен бүгін мұнда кім келгенін білесің бе, және ол менен не сұрады десеңші?!». Сөйтіп, бұл саяхаттырым кейде ұзаққа созылып кетеді, дегенмен, мен тапқан он дерек болса, кітап жазуыма соның тек бесеуі ғана жарап жатады. Шындығында, жартысынан астамы мен ойлағандай ешнәрсеге жарамай қалады. Соған қарамастан көп уақытымды халықпен еркін сөйлесуге және барынша қолмен жазылған ескі қолжазбаларды қараумен өткізуге тырысамын.

Әдетте, сіз бұндай уақыттарда олардан өзіңізге көбірек пайдалы дүние алу үшін қандай әдіс- тәсілдер пайдаланасыз?

– Мен көп уақытымды Давид монументін және Уффицидағы гүлдер мен өсімдіктер әлемін тамашалаумен өткіздім. Уффици қазір мен үшін тек өткенді еске алу ғана.  Мен Данте туралы жазып жүргенде көп кісілер бұны шіркеулік сынның ішінде жазылады деп ойлады, содан кейін де мен Дантенің шіркеулік көзқарастары туралы көп сұрастырдым, көп іздендім. Бірақ, шығарма аяқталғаннан кейін жаңағы адамдар қолдарына түскен роман ішінен өздері ойлағандай дүние көре алмағандықтан оларға кітаппен танысқан бұл күн күнтізбе бойынша соншалықты бақытты уақыт болып есептелмей қалды.

Сізді көпшілік уақытын өте жоспарлы түрде өткізетін қатаң тәртіпті жазушы деп есептейді, күнделікті жұмыс процесіңіз туралы бізбен бөлісе аласыз ба?

– Мен күнделікті таңертең сағат 4:00-де оянамын. Бұл уақытта адам тәтті түс көріп жататын не шығармашылық тетіктері ашылатын көңіл-күй арасында параллель жатады. Мен дәл осы уақытта оянып, жазуға отырамын. Бұл процесс ешқандай телефонсыз, хабарламалар мен интернетсіз түске дейін созылады. Бұл уақытта маған сыртқы әлеммен араласауға жол жоқ, ең маңыздысы, олардың мені мазалауына ешқандай мүмкіндік жоқ. Сөйтіп, тал түске дейін жазамын, меніңше, бұл шығармашылықпен айналысуға жеткілікті уақыт. Бірақ кейде сол жазған материялдарымның көбісін лақтырып жіберетін сәттер де болады. Мен жазып отырып бәріне үш түрлі көру нүктесімен қараймын, кейде жазу барысында ерекше бір құмарлықтан туатын сөйлемдер болады, ал кейде ашып жазбауға мүмкіндігің бар ақпарат болса, оны жасырып қалуға тырысамын. Ал, жазу күнінің ең соңында, бәрін жинап өзім қайта оқып шыққанда бұл жазғандарым менің оқырмандарға айтқым келген нәрселер емес, керісінше, жасырып қалуға тырысқан дүниелер көркем туындыға айнала бастағанын көремін.

Шығарманың соңына дейін жазылып біткен кезде сюжетті қайта өзгертетін кездеріңіз бола ма?

– Мен шығарманы алдымен бір қатаң жүйеге түсірмей тұрып ешқашан жазуды бастамаймын. Ия, кейде, мен үш жылымды сарп етіп, әбден қажып бітірдім-ау деген кезде де шығарма ішінен әлі аяқталмаған нәрселерді көріп қиналатын шақтар да болып тұрады. «Да Винчи коды» романына дайындық кезінде құрылған жоспар мен шимай сызбалардың өзі жүз беттен асып кеткен. Айта берсе бұған ұқсас мысалдар көп ғой.

[caption id="attachment_16016" align="alignright" width="314"]infyerno_1 "Инферно"[/caption]

Мен жазушыларға арналған блоктан мынандай қызық нәрсе оқыдым. Ол жерде «Егер берілген тақырыпқа қаламыңыз тартпай жатқан сәтте жасалатын әртүрлі жаттығулар тізімі» деп беріліпті. Соның ішінде мені қатты таңғалдырғаны, тартылыс аяқ киімімен (gravity boots) жаттығу жасаған жазуды бастауға көп көмектесетіні туралы айтылған кеңес болды.

– Әрине, бұлар жазушыларға арналған өмір сүру тәсілі сияқты берілген дүниелер ғой. Бірақ, мен өз басым жазушыларға арналған сайт дегендерге  ешқашан кірген емеспін. Мен өз идеяларыммен арпалыста жүріп, бұндайлаға уақыт та таба алмаймын. Белгілі бір шығарманың жобасы басыңа кіргеннен кейін шиеленіскен сюжеттерді қалай шешу керек, сол бағытта жұмыс басталады. Менің кейіпкерім Лэнгдон қиын жағдайларға тап болады, содан кейін оны бұл тығырықтан дұрыс жол табу арқылы алып шығу керек. Бұл жерде жазушыға әлемді жан-жақты көзқараспен көре білу тәжірибесі аса қажет.  Мен егер миға оттегі жақсы жетсе, немесе басқа бір ерекше нәрсемен айналыссаң тамаша ойлар туады деген сияқты жазушылық айла әдістер туралы ештеңе білмеймін. Маған керемет идеялар тек жоғарыдан келеді және содан кейін менің ерекше бір арпалыс сәттерім басталды.

Бірде үйге сұхбаттасуға бір тілші келді. Ия, менің дене жаттығуына арналған тартылыс аяқ киімім бар болатын. Жаңағы тілші сол затты көре салып, «Менің мына аяқ киімді киіп сәл жаттығу жасап алуыма бола ма?» деп сұрады.  Мен оған «Әрине, рұқсат, бірақ бұл сіздің бүгінгі кездесу туралы керемет бірдеме жазып кететініңізге кепілдік бермейді.» дедім де, оның жаттығу жасауына көмектестім. Жаңағы тілшіге турникке 60 секундтан кем асылуға болмайды деп шарт қойдым. Бірақ ол жаттығуды бастамастан «Өтінем, мені тез түсіріңізші, мен бұны жақсы көрмейтін сияқтымын» деп абыржып кетті. Бұл бір өте көңілді кездесу болды.

Сонымен бұл жаттығу оған керемет идея сыйлай алды ма?

– Жоқ. Басында оған тамаша әрі қызық боп көрінген бұл жаттығу оның жүрегін айнытып, айналысқанына өкіндіріп жіберді.

Сіз романдар жазып бастамастан бұрын поп музыка өнерінде тырысып көрдіңіз. Тіпті біраз халық сізді Барри Манилоумен салыстырып жатты. Егер сіз табысты боп бара жатсаңыз қайтадан музыкаға оралар ма едіңіз?

– Мен колледж оқып жүргенде музыкамен әуестендім. Сосын, оқуды бітіргеннен кейін менде ішкі өзгеріс пайда болды. Музыка бұл жеңіл әрі көңілді, ал менің басқа бір салмақты шығармашылық жолда жұмыс істегім келді. Бірақ  ұзақ уақыт өмірімді музыкамен өткізгенім рас.

[caption id="attachment_16019" align="alignright" width="184"]скачанные файлы "Періштелер мен Перілер"[/caption]

Өзіңіз қалай ойлайсыз, бұл жол неге жалғасын таппай қалды?

– Мүмкін, талант жетпеді. Мен Голливудта өте танымал продюссерлермен біраз уақыт бірге жұмыс жасадым және сол кезде үлкен екі жобаны өндіріске шығардық.  Шындығында, ешкім ақ жігіттің баллада орындауын естігісі келген жоқ. Бұл өзіме де соншалықты жағымды бола қойған жоқ.

Осыдан он жыл бұрын сіздің «Да Винчи коды» романыңыз жарыққа шыққанда бұл сіздің ең алғашқы бестсселер атанған кітабіңіз болды. Және бұл туынды қоғамдағы христианшыл топтардың шамына тиіп, үлкен талас тудырды. Бірақ,  еркіндіктің өлшеміне салып қарағанда, бұл жағдай сізді таңғалдырған шығар?

– Әрине, шындығында солай болды. Ия, менің шығармамдағы жасалған көркем образ діншіл топтардың ызасын келтірді, менің ойымша, егер Иса Құдайдың ұлы болмағанда не болады деген сұрақ төңірегінде ойлануға бәріміздің еркіндігіміз бар. Меніңше, Исаның біз сияқты қарапайым адам болғанын айту жаман нәрсе деп есептемеймін. Мен көп адамдардың осы кітап үшін долданып, ашуланғандарына қатты таңғалдым.

Кітаптің сюжет желісі дін тарихына тікелей байланысты болғандықтан әрі сіз оларға ойлаудың өзі қорқынышты көрінетін сауалды тура қойғандықтан халық бірден қарсы шықты. Бұл шығарма қандай фактіге сүйенген?

– Мен кітап шыққаннан кейін оттың ішінде қалғандай болдым. Меніңше, «Да Винчи коды» романындағы оқиғалар мен оқыған жексенбілік мектептен (балалар мен жастарға арналған христиандық оқыту институты) үйренген нақты фактілерден гөрі, мейілінше сезімге жақын.

«Инферно» романында сіз осыған ұқсас сауал тастадыңыз. Барлық өнер, ғылым және тарих ішінде көлеңкелі, жасырын Консорциум деген әлемдік криминальдық қоғамының жұмыс істеп жатқаны туралы айттыңыз.

– Консорциум, сірә, олардың шынайы аты болмауы да мүмкін. Жалпы, бұл жерде айтылған қоғамдық ұйымдар осы Консорциумның қызыметі сияқты әрекеттермен айналысатыны туралы баяндалады. Оларды зерттеу, шындығында, өте жеңіл. Мен осы романды жазып бастамас бұрын олар туралы ешқашан естіген емеспін.

Сіз осы қоғамның бір мүшесімен болсын кездесу, сұхбат жасадыңыз ба?

– Жоқ, бұл тақырып сіз білетіндерден әлдеқайда алыс. Мен ешқашан олардың қызметтерін пайдаланған емеспін.

Сіздің әкеңіз математика мұғалімі болды. Сіздің жұмбақтар мен кодтарға деген сүйіспеншілігіңіздің пайда болуына осы кісі әсер еткен жоқ па?

– Менің әкем өте жұмбақ адам болды. Қазыналарды іздеу менің балалық шағымның бір бөлшегі сияқты естелік. Туған күнімде және рождество мерекесінде мен міндетті түрде жасырынған өз сыйлықтарымды іздеп табатынмын. Бұл дәстүр бізде әлі сақталып келеді, әкем енді бұл ойынды  немерелерімен ойнауға көшті.

Сіз бұрын берген сұхбаттарыңызда, аяқталған кітабіңізді қайта оқудан қашатыныңыз туралы айтқан екенсіз, бұл қаншалықты рас?

– Өз жазғаныңды өзің оқу қызық нәрсе ғой, менішне, бұл таңдау автордың өз теориясы не жоспарына байланысты дер едім.  Егер сіз халықтың сізді жақсы көретініне сенсеңіз, онда олардың сізді жек көре де алатынына сенуіңіз керек. Егер сен өзіңді көп адамдар жақсы көретінін білсең, көңілің жайбырақаттанып, жалқау бола бастайсың, ал сол уақытта сенің барлық жұмысың азапты дәуірін бастайды. Егер сен халықтың өзіңді жақсы көрмейтінін білсең, қауіп пен қобалжудың ішінде және жұмыстағы жағымсыз сәттерде сен өзіңе саналы түрде бұл қиындықтардан шығуға жол таба аласың.

Сіздің жұмыстарыңыздан үнемі қарама-қайшылық байқалады. Халық романдарыңызды не қатты жақсы көреді, не қатты жек көріп кетеді.

– Егер «Да Винчи коды» 10,000 данамен сатылғанда, мұндай мәселе тумас еді. Бұл шығармаға өте көп сындар жазылды, себебі бұл бірден өте танымалдыққа ие болып, әлемнің түкпір түкпіріне кең таралып кетті. Адамдар осы романға ұқсас туындыларды не себепті жақсы көреді? Және сосын бұл маған қатал шабуыл болды, халықтың не үшін жақсы көргенін айтпай -ақ қояйын.

Сізде Роберт Лэнгдон триллеріне арналған әлі он шақты идея бар екені рас па?

– Ия, бар, бірақ менде соның бәрін түгелдей жазып бітіруге уақыт болмайтын шығар.

Сіздің Шекспирдің табынушысы екеніңізді жақсы білеміз. Оның пьесаларында  күдікті жасырын сөз байласулар теориясы өте көп қолданылады. Шекспирдің триллер жанрындағы тақырыптары туралы не ойлайсыз?

– Шекспир мен үшін идеяның кені, мен ұзақ уақыттар бойы сол қормен өмір сүріп келемін. Шекспир екеуіміздегі ұқсастық – ол да өз дәуірінде өте қатты талас тудырған және оның жазған тақырыптары да тамаша еді.

Менің Шекспир туралы әлі бір шығарма жазбауымның себебі, мен «Шекспир кім болған?» дегенге қызу талас тудырардай дәлел таппай жүрмін және болмаған нәрсені құр қиялдан шығаруды жек көремін. Ал бұл тақырыпта бірдеме бастау үшін алдымен біраз теориялар мен құжаттар басыңды тырналап, миға аздап алғашқы идея ұшқыны пайда болу керек. Бірақ мен «Жоғалған символ» романының бірінші томында Шекспир туралы аздап ымдап айтып кеттім. Мен бұл тақырып туралы ойланып жүрмін, бірақ әлі толық роман жоқ, дегенмен идеяның кішкентай ғана бөлшектері бар.

– Сіздің «Инферно» шығармаңыздағы Джейсон Кауфман есімін анаграммалық шешімге құрғаныңызды мен баса айтқым келеді. Сіз бұндай жасырын кілттерді кітаптарыңызда пайдалану арқылы халық алдына не ашып бергіңіз келді?

– Кітаптағы анаграммалық кілттерді қарапайым адам ешқашан көре алмайды. Егер байқасаңыз, кодтар мен цифрлау және басқа да заттар кітап беттерінде ашық роль ойнап тұр. Бұл мен үшін өзімнің жасаған қуанышым, ойын-сауығым. Меніңше, бұл оқырмандардың да кітапты тынымсыз парақтауына және содан шынайы рахат алуына мүмкіндік береді деп ойлаймын.

[caption id="attachment_15641" align="alignright" width="209"]12208653_1660691844216432_3006635302897334120_n Мерей Қосын[/caption]

Сіз Джейсон Кауфманды еске алдыңыз. «Періштелер пен перілер» деген романда төрт кейіпкердің есімдері шынайы өмірдегі адамдардың аттары болғаны рас. Оның біреуі Элдо Беггия, менің алғашқы италиянтілінен сабақ берген мұғалімім. Содан кейін бұл образ тағы да басқа триллерде көрінді, ол бұл кітаптарды оқыған соң өзінің Дэн Браунның «Төрт өзеннің фундаментінің» ішіне кіргенін білді. Ол, тіпті, экранизацияланған фильм ішінде де көрінді.

Ойыңызбен бөліскеніңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан Александра Альтер


«The wall street journal» сайты


 Аударған Мерей Қосын


Рекомендовать
Последние новости