Келелі кездесу

Dalanews 24 мая 2016 07:26 854

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Тюрингия елінің ғылым, өнер және зерттеу экс министрі Дагмар Шипанскидің басшылығымен Конрад Аденауэр атындағы қордың өкілдерімен кездесті.

ҚазҰУ ректоры Германияның жетекші университеттеріндегі студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қызығушылығын білдіріп, Токио, Лотарингия, Страсбург және Кэмбридж университеттерінде магистранттарды және PhD докторанттарды дайындайтын халықаралық бағдарламалардың тәжірибесі жайлы атап өтті.

«Қазақ ұлттық университеті ғылым және білім саласының тұрақты даму барысында, БҰҰ-ның жаһандық хабы, ЮНЕСКО-ның аймақтық хабы атағына лайықты жоғары оқу орны. Еуропалық құндылықтар бізді толықтай қызықтырады. Германия ЖОО-ларымен ҚазҰУ ғылыми жобаларды ұзақ мерзімді серіктестікке, жоғары технологиялық өндірістерге мамандарды бірлесіп дайындауға және бірлескен ғылыми-зерттеулерді жүргізуге, «Қос дипломды білім беру» бағдарламасын дамытуға ниетті», – деді Ғалымқайыр Мұтанұлы.

Келіссөздер жүргізу барысында Тюрингия елінің ғылым, өнер және зерттеу экс министрі, профессор Дагмар Шипански, ҚазҰУ-мен бірігу аясында «Энергия сақтау және жаңартылған энергия көздері», «Энергия жинақтау және тарату», «Қоғамды сандық жүйеге келтіру» тақырыптарында халықаралық ғылыми дөңгелек-үстелдер мен семинарлар өткізу мүмкіндіктері жайлы айтып кетті.

Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм, 2007 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан демократизациялау мен азаматтық қоғамның қалыптасуына әсер ететін «Sur-Place» студенттерге грант тағайындау бағдарламасын тілге тиек етті.

Германия Бундестагының депутаты Танкред Шипански ҚазҰУ-дың қызметін жоғары бағалады. Сонымен қатар ЖОО таңдаған бағыттың дұрыс екендігін және халықаралық ынтымақтастықтағы табысты тәжірибесіне ерекше тоқталды.

Рекомендовать
Последние новости