Дәурен Абаев: "Владимир Божко – нағыз патриот"

Dalanews 06 сент. 2019 07:05 828

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғамда наразылық тудырған депутат Владимир Божконың сөзіне қатысты пікір білдірді.

Айта кетелік Владимир Божко Нұр-Сұлтандағы Ассамблея жиынында халыққа қарата "әлеуметтік көмекті көбейткені үшін мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айту тиіс" деген болатын. Депутаттың осы пікіріне қатысты сауалға Дәурен Абаев "Хабардағы" "Ашық алаң" бағдарламасында жауап берді. 

"Менің ойымша, Владимир Карпович сезімге беріліп, ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Анығында оның нені айтқысы келгенін бәріміз түсінеміз ғой. Бұл арада мәселе масылдыққа тұр. Ойын дұрыс жеткізе алмаған.

Бірінші кезекте, ол - әскери адам. Ойын бүкпесіз айтады. Бұдан бөлек Владимир Карпович бала жасынан  еңбекке араласқан.


Осы себепті біреуге масыл болатындарға басқаша қарайды. Өкініштісі осы пікірінен кейін әлеуметтік желідегі жұрт оны патриот емес деп жазғырды. Жұрттың тұрмыс-жағдайын ойламайды дейді. Алайда, адамды ісіне қарап бағалау қажет. Көптеген құтқару операциясына өзі араласып, жүздеген ел азаматын ажалдан арашалап қалған адамды елдің патриот емес деп кінәлауға болмайды. Божко – қазақ жерінің нағыз патриоты. Бұл - шындық", - деді министр.

https://youtu.be/bxr5WmYaLyo

Рекомендовать
Последние новости