Дастан Сәтпаев ұлттық құрамамен келесі ойынға қатыса алмайды

Сағыныш Сардарова 08 окт. 2025 09:22

Алматылық "Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев қазанда өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сүйенсек, жас форвард ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына келмеген. Себебі - жарақат.

Айта кетейік, 5 қазанда Дастан Сәтпаев Кәсіпқой футбол лигасының кейінге шегерілген ойынында талдықорғандық "Жетісуға" қарсы толық 90 минут ойнаған еді (есеп - 5:0).

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейнмен (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялаған еді.


Рекомендовать
Последние новости