Дархан Қыдырәлі "Егеменді" басқарады

Dalanews 09 июл. 2016 17:55 934

Кеше «Егемен Қазақстан» газетіне келген Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Егемен Қазақ­стан» респуб­ликалық газеті» акцио­нерлік қоғамының жаңа бас­шысы халықаралық Түркі акаде­мия­сының президенті, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні газет ұжымымен таныстырды.

Ол ғасырлық тойы жақындап қалған аға басылымның тарихына қысқаша тоқталып, онда талай арыстар қолтаңбаларын қалдырғанын, газет қашанда халық мүддесі мен елдікті жазып келгенін және алдағы уақытта да жаңа талаптар деңгейінен табылатындығын айтып өтті. Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа талаптар қойылып отыр. Медиа кеңістікте бәсекелестік күшіне енді. Осыған барлық бұқаралық ақпарат құралдары икемделуі тиіс. Бәрінен бұрын, жаңа талаптарға байланысты оқырман талаптары да ескерілуі тиіс. Ақпаратты қысқа әрі нұсқа беру жүзеге асырылуы керек, деген Д.Абаев, одан әрі журналистер үшін аудиторияны терең зерттеу, жазылар материалдардың көлемін ықшамдау, Интернет сайтын жетілдіру секілді де жа­ңа талаптар қойды. Сол сияқ­ты министр газеттің 100 жыл­дығына дайындалу барысын, «Егемен» кітапханасы» сериясымен кітаптар шығару секілді мәселелерге мән берді.  «Бұрынғы басшы Еркін Қыдырға газеттің және жалпы отандық баспасөздің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Бұған дейін өзін білікті басшы ретінде көрсете білген Дархан Қыдырәлі ғасырлық тарихы бар «Егеменнің» елдігімізді нығайту жолындағы істерін одан әрі жалғастырып, газетті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – деді министр.

Бұдан кейін газеттің бұ­рын­ғы басшысы Еркін Қыдыр және осы басылым басқарма төр­аға­сының орынбасары – бас редактор Жанболат Аупбаев сөз алып, министрдің алға қойған тапсырмаларының сөзсіз жүзе­ге асатынын, газетті жаңа талап­тарға сай жақсарту одан әрі жалға­сын таба беретіндігін, бұл жол­­да бірлесіп келелі жұмыс істей­тіндіктеріне үлкен сенім білдірді.

"Егемен-ақпарат"


Рекомендовать
Последние новости