Даниал Ахметов: "Мешіттер салт-дәстүрімізді насихаттайтын орталыққа айналуы тиіс"

Dalanews 16 авг. 2019 05:23 810

Шығыс Қазақстан облысында «Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр» атты мұражай ашылды. 

Облыс орталығы Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінде аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен тарихи жәдігерлер мұражайы ашылды.



 – Бұл игі іс “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Мешіт тек діни құлшылық ететін орны ғана емес, сондай-ақ салт-дәстүрді, тарихымызды насихаттайтын рухани орталыққа айналуы тиіс. Қазіргі заман талабы да осы. Ерте сақ, ғұн, түркі дәуірлерінен бастап, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына дейінгі тарихты тізбектейтін осынау бірегей мұражайда құнды жәдігерлер мен олардың түпнұсқасынан алынған көшірмелері ерекше көз тартады. Алдағы уақытта мұнда Шығыс Қазақстанның бірегей байлығы саналатын Елеке сазынан табылған Алтын адамға, Қоңыр әулиеге, Ырғызбай әулиеге, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және Мұзтауға арналған жеке стендтер ашылса мұражай тіптен әрлене түсер еді. Бұдан бөлек кіреберіс залдың бір қабырғасына түгелдей дерлік Қазақстанның даму тарихын суреттейтін панорамалық сурет салу керек, – деді облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы.



 

Мұражайда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі, Түркістандағы әйгілі Тайқазанның көшірмесі, қазақтың алты қанат киіз үйі қойылып, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауи кесенелерінің шағын макеттері орнатылды. Бұдан бөлек мұнда келушілер қасиетті Құран кітабының электронды замануи көшірмесін, тарихи құнды еңбектердің электронды нұсқаларын да тамашалай алады.

Сондай-ақ мұнда ұлттық көне жәдігерлер мен ежелгі діни бұйымдарда қойылған.

Тіпті мұражайда түркі дәуірінің тарихынан сыр шертетін «Оғызнама» секілді кейбір сирек кітаптардың түпнұсқалық көшірмесі де Ұлыбританияның Кембридж университетінен және Түркиядағы Сүлеймание мешітінің кітапханаларынан алынып қойылды.

Алдағы уақытта аталмыш музейдің тыныс-тіршілігінен хабар беретін сайт іске қосылып, онда музейге 3D тур жасау мүмкіндігі ашылады.

 

Әсем Жылқышева,


Өскемен қаласы


Рекомендовать
Последние новости