Даниал Ахметов: «Жауапсыз мердігер жолды қайта жөндейді»

Dalanews 13 окт. 2017 03:53 903

Шығыс Қазақстан әкімі Даниал Ахметов жақында ғана Өскемендегі көшелердің біріне жүргізілген жөндеудің сапасын қатаң сынға алды. Қыруар қаржы құйылған жолдың жаңа жабындысы қалалықтарға ұзақ қызмет ете қоймасы анық. Ісіне салғырт қарағандар енді олқылықтың орнын толтыруға міндетті.



Облыс көлемінде жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысы талқыға түскен кеңейтілген аппарат отырысында аймақ басшысы жауапсыз мердігерлер мәселесіне ерекше тоқталды.

– Бажов көшесіндегі істелініп жатқан жұмыста сапа жоқ. Екі жылдан кейін жолдың жағдайы қаз-қалпына түседі. Біз жұмыс ақысын толық төлейміз, ал олар мойындарына алған міндетті толық орындамайды. Арнайы комиссия құрып, учаскеге тексеру жүргізуді тапсырамын. Барлық кемшіліктер жойылуы тиіс, – деді Даниал Ахметов.

Жалпы Өскемендегі жолдарды жаңартуға 8 миллиардтан астам теңге қарастырылып отыр. Олардың 5,7 млрд. теңгесі қайта құруға жоспарланса, 1,5 млрд. теңге орта жөндеуге, 900 млн. теңге көше-жол желілерін ұстауға бағытталған. Бүгінде орталық көшелерде орта жөндеу жұмыстары 90 пайызға дейін орындалды.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/30625

Рекомендовать
Последние новости