Даниал Ахметов: "Бұларың масқара ғой!"

Dalanews 13 мар. 2018 08:16 865

Шығыстағы су тасқынынан зардап шеккен халықтың жанайқайына облыс басшысы үн қатты.

„Қаладағы арықтар үнемі тазаланып отыруы керек. Сол үшін мердігер компанияларға ақша төленген. Қазір белгілі боп отырғандай, бұл жұмыс дұрыс жүргізілмеген. Бар мәселе осы! Қиын бұл арада ештеңе жоқ. Оны ашық айтамын.
Арамтамақтық, бассыздық, жауапсыздық орын алған. Жұмыс жайына қалған. Енді осыған жауаптылардың барлығы таяу арада өз жазаларын алады деп ойлап тұрмын„

— дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

 Ахметов сонымен қатар Өскемендегі су басқан аудандарды аралап, тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен тілдесті. Қаланың түбіндегі қар суы басқан Красин кенті мен Аблакетка ықшам ауданына барған аймақ басшысы мұндағы жеке үйлердің тұрғындарымен жолықты. Олардың хал-жағдайын көзбен көрді. 

 Айта кетсек, Өскеменде екі-үш күн бойы толассыз қар жауып, оның арты жауынға ұласып салдарынан қаланың бірқатар ауданы мен көшелерін су басып, төтенше жағдай қалыптасқан еді. Апат әсіресе Красин кентіндегі Кожедуб және Пушкин көшелері бойында орналасқан төрт үйдің тұрғындарына ауыр соқты.
Аудан тұрғыны Андрей Татарченконың сөзіне қарағанда, осындай жағдайдың орын алуына осы маңдағы арық көздерінің дер кезінде тазаланбауы себепші болған.

Салдарынан арық суы арнасынан асып-төгіліп, іргедегі аулалар 30-40 сантиметрлік су астында қалған. Апатты жою мақсатында оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің мамандары мен техникасы жұмылдырылып, жексенбі күні түннің бір уақытына дейін жүргізілген жұмыстардың арқасында аулалар судан тазартылды.



Дәл осындай жағдай Аблакетка ықшамауданында да қалыптасқан. Бірақ бұл жердегі екі ауланы басқан тереңдігі 80 сантиметрлік суды жою іс-шаралары әлі де жалғасуда.



Қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, бүгін таңертең оқиға орнына барған облыс әкімі Даниал Ахметов төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігінің жұмысын қатаң сынға алды.

— Сіздер бір арықтың сумен бір тәулік бойы алыстыңыздар. Айналдырған төрт үйдің проблемасын осыншама ұзақ уақыт шеше алмауларыңыз ақылға симайды. Бұл — барып тұрған масқара ғой.
Былтыр сіздерге қомақты қаражат бөліп, мұндай жағдайда қажетті болатын техника алуға көмектескенбіз. Сол техника қайда, неге пайдаланбайсыздар?

Жалпы, мұндай ахуалдың қалыптасуына, табиғат емес, өз міндеттеріне салғырт қараған кей лауазымды тұлғалар кінәлі, — деді.

[video width="290" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2018/03/videoplayback.mp4"][/video]





Дереккөзkaz.altaynews.kz




Рекомендовать
Последние новости